Алматыдағы бес көлік жарысып, үш адам қаза болған шулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: әлеуметтік желіден
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жол-көлік оқиғасына қатысты қаланың полиция басшысы орынбасарының көмекшісі ұсталды. Кісі өліміне әкелген жол апатына кінәлі көлік жүргізушісі қамауға алынды, бірнеше полицей қызметінен босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары (сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын), сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, жол апаты болған сәтте ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі жеңіл алкогольдік мас күйінде болған. Сот санкциясымен оған қамау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс қозғалды.
«Мемлекеттік нөмірлік белгілерді заңсыз беруі мүмкін деген уәждер бойынша Ішкі қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ департамент басшыларының бірінің жүргізушіге қатысты әрекетсіздігі фактісі бойынша да қылмыстық іс тіркелді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Әлекешев.
Бұл резонансты жол апатына ішкі істер министрі Ержан Сәденов те пікір білдірді. Оның айтуынша, жағдай ерекше бақылауда. Министрдің жеке тапсырмасымен Алматыға тексеріс жүргізу үшін бірнеше полиция департаментінің қызметкерлері жіберілген.
«Бір мезгілде ықтимал заңбұзушылықтар туралы уәждер бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды. Біраз басшылар атқарып отырған лауазымдарынан босатылды. Әрбіріне құқықтық баға беріледі. Ешкім жауапкершіліктен жалтармайды. Заң бәріне ортақ», — деді ІІМ басшысы.
Алматының әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасы халық арасында кең резонанс тудырып, бұл іске полиция қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деген күдік жұртшылық арасында да, әлеуметтік желілерде де кеңінен талқыланып жатыр.
Полиция қызметкерлеріне қатысты тергеудің басталуына 21 наурызға қараған түні әл-Фарабиде болған жол-көлік оқиғасындағы заңсыз жарыстар себеп болуы мүмкін.
Әңгіме Алматы ПД бастығының орынбасары Ержан Ұзабаевтың көмекшісі жайлы болып отыр, ол қазір денсаулығына байланысты уақытша жұмысқа жарамсыздық парағын аштырып алған.
Дегенмен әл-Фарабидегі жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде. Кейбір БАҚ-та тараған мәліметке қарағанда, 26 наурыздағы жағдай бойынша Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев пен әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев қызметінен босатылған.
Ұсталған сержант Әсет Жақсылықовқа ҚР ҚК-нің 370-бабының 4-бөлігі «Қызметтегі әрекетсіздік» бойынша айып тағылып отыр.
Еске салсақ, Алматыда 21 наурызға қараған түні екі көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты. Zeekr электромобилінің жүргізушісі батысқа қарай жүріп келе жатып, Меңдіқұлов көшесінің қиылысында қарсы жолға шығып кетіп, Mercedes-пен соқтығысқан.
Соққы салдарынан Мерседес жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Zeekr жүргізушісі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қайғылы оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде ашулы талқылаулар мен қоғамдық наразылық толқыны пайда болды. Кейбір куәгерлердің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына заңсыз жарыстар себеп болған, ал көлік жүргізушісі полиция департаменті бастығы орынбасарының жүргізушісі болуы мүмкін деген хабар тарады.
Бұған дейін адвокат Молдахан Әділхан әл-Фарабидегі апаттың мән-жайын әлеуметтік желіде айтып берген болатын. Сол кезде көпшілік адында полиция басшыларының бірінің аты-жөні естілді.
Кейінгі хабарланған бейресми мәліметтер бойынша, Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев қызметінен айырылған. Бұдан басқа, Алматы ӘПБ арнайы батальонының үш взвод командирі және қаланың әкімшілік полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің бір рота командирі жұмыстан босатылған.
Полицияның 24 наурыздағы мәліметінше, оқиғаның барлық қатысушылары мен оған қатысы бар адамдар анықталды. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді. Ал көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Сондай-ақ, жүргізушіге алкогольдік ішімдік ішкені үшін медициналық куәландыру тағайындалды. Оның қорытындысы алдағы уақытта хабарланады. Құқық қорғау органдары бейнебақылау камераларындағы барлық жазбаларды, соның ішінде жеке бейнежазбаларды тәркіледі, олар қылмыстық іс материалдарына қосылып, егжей-тегжейлі зерттеліп жатыр.
Қазақстандықтарға тексерілмеген және жалған ақпарат таратудан бас тартуға, сондай-ақ асығыс қорытынды жасамауға шақырылды.
Orda.kz мәліметтерді нақтылау үшін құзырлы орындарға сұрау жіберді. Оқиғаның мән-жайынан хабардар етеміз.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық