Ақтөбе облысында 102 адам мейрамханадағы астан уланып, ауруханаға түсті
Фото: Көрнекілік үшін
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласында орналасқан «Тұмар» мейрамханасында өткен шараға қатысқан 102 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Олар екі күн қатарынан ұйымдастырылған ас беру мен тойдың қонақтары. Осы мейрамханада тамақтанған қонақтардың жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлер оларға ішек инфекциясы диагнозын қойған. Ауру белгілері байқалған тұрғындар аудандық орталықтағы және Ақтөбе қаласындағы ауруханаларға жөнелген.
Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, 19 маусымнан бастап Мұғалжар аудандық ауруханасы мен облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына ішек инфекциясы белгілерімен 102 науқас жеткізілген.
Оның 34-інде сальмонеллезге күдік тіркелген. Бұл жағдайлар бойынша облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жедел хабарламалар жолданып, зертханалық тексеру үшін сынамалар алынған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы орташа ауыр деңгейде, оларға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.
Алдын ала болжам бойынша, жаппай улануға ет өнімдері себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта мейрамхана эпидемиологиялық тексеру аяқталғанша уақытша жабылды.
Оқиғаны бақылау үшін жедел штаб құрылып, Мұғалжар ауданына қосымша медициналық бригадалар жіберілді. Мамандар байланыста болған адамдарды анықтап, оларды бақылауға алған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық