Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы плиталар не үшін ауысып жатыр?

cover Фото: Orda.kz

Алматы қаласында Сәтбаев пен Желтоқсан көшесінің қиылысында орналасқан әкімдіктің алдына қоршаулар қойылып, аяқ асты құрылыс жұмысы басталып кетті. Неліктен қаладағы басты көшелердің бірінеде плиталар мен жол төсемдері ауыстырылып жатыр?

Orda.kz тілшісі бұл құрылыс туралы әкімдіктен жауап алды.

Жоба халықаралық және отандық жобалау ұйымдарының қатысуымен әзірленген. Тұжырымдамалық шешім британдық LDA Design компаниясымен дайындалған, ал бас жобалаушының функцияларын қазақстандық High Garden Architects ЖШС жүзеге асырады.

Әкімдік өз жауабында, брусчатка жабынын ауыстыруға басты себеп – оның тозуы екенін мәлімдеді. 

«Жобаны іске асыру аясында механикалық және климаттық әсерлерге төзімділігі жоғары, беріктігі арттырылған гранит брусчатка төсеу қарастырылған. Бұл шешім жабынның қызмет ету мерзімін ұзартуға және абаттандыру сапасын арттыруға мүмкіндік береді» деп жазды Алматы қаласының әкімдігі. 
Ескі брусчаткалардың жарамдылары аудан әкімдіктеріне беріліп, басқа да нысандарды абаттандару кезінде қайта пайдаланылады.

Әкімдік Сәтбаев көшесіндегі құрылыс жұмыстары осы жылдың маусым айында аяқталатынын, ал қала бойынша, толығымен абаттандыру жұмыстары қараша айында бітетінін жазды.

«Сонымен қатар, қалалық инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту бағдарламалары аясында Сәтбаев көшесінен бөлек, Розыбақиев, Жароков, Сәтбаев, Сейфуллин, Тимирязев, Жандосов, Абай, Майлин, Бұқар жырау, Масанчи, Жолдасбеков, Мендікұлов, Мүсірепов көшелеріне күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған» деп жауап жазды әкімдік.

Бұрынғы брусчаткалардың кей бөлігі жерге жартылай кіріп кеткендіктен әкімдік оларды ауыстыру жөнінде шешім қабылдаған. Алайда әкімдік қанша қаржы жұмсалғанын нақтыламады. Өз жауаптарында олар тек жобаны қаржыландыру тәртіпке сәйкес, тиісті бюджеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылатынын және қаржыны мемлекеттен алып отырғанын ғана жазған.

Нысандарды абаттандыруды «Жасыл-жер» ЖШС мердігерлік ұйымы жүзеге асырады.

Оқи отырыңыз:





Жаңалықтар

барлық жаңалықтар