Мұрат Әбенов Алматыдағы Hilton қонақ үйінің төмен бағаланғанына наразы болды
Фото: Әсем Жәукен / Orda.kz
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәжіліс дәлізінде ірі бизнеске қатысты салық саясатын сынға алып, Алматыдағы Hilton халықаралық қонақ үйін мысал ретінде келтірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, бұл — қаланың орталығында орналасқан 11 қабатты жаңа ғимарат.
«Міне, мен айтып жүрген қонақ үй – ол үшін 2 миллион 900 (доллар не теңге — нақты айтпайды) төлеген, ал бағалағанда небәрі 200 миллион теңгеге бағалаған. Халықаралық қонақ үй қалайша 200 миллион теңге тұруы мүмкін? Бұл шындыққа жанаспайды», – деп атап өтті ол.
Әбеновтің айтуынша, мемлекет мұндай жағдайларға көз жұма қарайды:
«Неге жаңа Салық кодексінде салық өсіп кетті? Ал бизнес орындары неге бухгалтерияда көрсетілген қалдық құны бойынша ғана төлеуі керек?Бухгалтерия не жазғысы келсе, соны жазады. Бұл – амортизация, бұл – ескі ғимарат деп».
Депутат реформаны дәл осындай жағдайларды қайта қараудан бастау қажет екенін айтты.
«Егер дәл қазір Алматыда жаңа қонақ үй 200 миллион деп бағаланса, ал шын мәнінде ол 10 миллиард тұрса — сонда қанша салық төленбей қалды? Міне, осыдан бастау керек», — деді Әбенов.
Еске салар болсақ, Double Tree by Hilton Almaty қонақ үйін мемлекетке түпкілікті тапсыру жоспарланған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық