Алматыдағы балалар ауруханасында қызметкер мен науқастың анасы төбелесті: Полиция тергеу бастады
Бейнеден кадр
31 мамырға қараған түні Алматыдағы Балалар жұқпалы аурулар ауруханасында мекеме қызметкері мен науқастың анасы төбелесіп қалғаны туралы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнежазбадан қолына бала ұстаған әйелдің аурухана маманымен сөзге келіп қалғанын көруге болады. Артынша екеуі жаға жыртысып кеткен. Дәліздегі адамдар оларды ажыратуға тырысқан, дегенмен жанжал қайта ушыға түскен.
Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Осы факті бойынша Алатау ауданы ІІБ жанындағы полиция бөлімі тергеу жұмыстарын бастаған.
«Оқыс оқиғаның барлық мән-жайлары мұқият зерттеледі, тараптардың әрқайсысының іс-қимылына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес объективті құқықтық баға берілетін болады» деп жазылған хабарламада.
Екі тарап та полицияға өтініш жасағаны белгілі болды.
Алматы қалалық полиция департаменті екі тараптың да бір-бірінің үстінен арыз жазғанын мәлімдеді. Қазір бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғаушылар тұрғындарды қоғамдық орындарда дауласпай, мәселені тек заң аясында шешуге шақырды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық