Bloomberg басылымы Қазақстанды өңірдегі цифрландыру көшбасшысы деп атады
Фото: mobilaser.kz
Беделді америкалық Bloomberg басылымы Қазақстан туралы ауқымды сараптамалық материал жариялап, елді жаһандық өзгерістерге тез бейімделудің ең табысты үлгілерінің бірі ретінде атады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мақала авторлары Қазақстан соңғы жылдардағы халықаралық тұрақсыздық жағдайында тек тұрақтылығын сақтап қана қоймай, Еуразиядағы маңызды экономикалық, логистикалық және технологиялық орталық ретіндегі орнын нығайтқанын атап өтеді.
Bloomberg бұл өзгерістердің символы ретінде Астананы мысалға келтіреді.
«Ширек ғасыр бұрын қазіргі елорда жалпақ даладағы шағын қала болса, бүгінде танымал сәулеті мен ауқымды инфрақұрылымдық жобалары бар заманауи мегаполиске айналған. Бүгінгі күні Астана көркі көз тартар қала» деп жазды басылым.
Дегенмен, авторлар негізгі назарды елдің сыртқы келбетіне емес, оның жаңа геоэкономикалық рөліне аударған. Басылымның бағалауынша, Қазақстан ірі әлемдік нарықтарды байланыстыратын буын ретінде барған сайын сенімге ие бола түсуде.
Жарияланымда Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалында маңызды бағытқа айналып келе жатқан Транскаспий халықаралық көлік маршрутына, яғни Орта дәлізге ерекше орын берілген. Басылым жаһандық логистикадағы өзгерістер аясында Қазақстан өзінің географиялық орналасуын стратегиялық артықшылыққа айналдырып, Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі орнын айтарлықтай күшейткенін атап өтеді.
Bloomberg еліміздің Қытай, Ресей және Еуропа арасындағы орналасуын экономикалық артықшылық ретінде пайдаланып отырғаныны ерекше маңыз берген.
Сондай-ақ, елдің жаһандық сын-қатерлерді өз дамуына пайдалана білу қабілеті ерекше аталған. Авторлардың пікірінше, Қазақстан халықаралық нарықтағы өзгерістерге, энергетикалық дағдарыстарға және логистикалық тізбектердің қайта құрылуына бейімделіп, сауда мен инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашқан.
Bloomberg елдегі цифрлық трансформацияға да кеңінен тоқталған. Жарияланымда Қазақстан өңірдегі цифрландыру көшбасшыларының бірі ретінде аталады. Электрондық үкіметтің жоғары деңгейде дамуы және мемлекеттік басқаруда цифрлық қызметтің белсенді енгізілуі ерекше аталған.
Олар Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы жоспарларына да қызығушылық танытқан. Мақалада бұл бағыт мемлекеттік басымдықтардың бірі екені және ел жаңа технологиялық дәуірге мамандар даярлауға ерекше мән беріп отырғаны көрсетілген.
Мақалада Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық инновациялар бойынша өңірлік орталыққа айналуды көздеп отырғаны айтылды. Халықаралық инвесторлардың назарын аударатын факторлар қатарында Bloomberg Astana Hub қызметін, дата-орталықтардың дамуын, стратегиялық маңызы бар минералдар саласындағы жобаларды және «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысын атаған.
Сондай-ақ, басылым елдің демографиялық әлеуетіне назар аударды.
«Қазақстан халқының шамамен жартысы 30 жасқа дейінгі жастар, бұл инновациялық экономика мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға негіз болады. Қазақстан дәстүрлі шикізаттық экономика шеңберінен шығуға ұмтылып, технология, логистика, адами капитал және халықаралық ынтымақтастыққа басымдық беріп отырған мемлекет» деп сипаттайды олар.
Мақаладағы негізгі ойды қорыта айтсақ, Қазақстан әлемдік бизнес қауымдастығынан шеткері нарық емес, дербес экономикалық өсу орталығы әрі Еуразияның жаңа архитектурасын қалыптастырудағы маңызды мемлекеттердің бірі ретінде қарастырыла бастаған.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев: Озық технологиялар еуразиялық интеграцияның қуатты катализаторына айналуы керек
- V Еуразия экономикалық форумы: Жасанды интеллект технологиялары ЕАЭО экономикасын қарқынды дамытады
- Тоқаев МАГАТЭ басшысына Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселенің шешілуіне атсалысуға дайын екенін растады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық