Мектеп қызметкері мас болып көлік айдап, екі бала мен жүкті әйелді қағып өлтірді
Фото: Ашық дереккөздерден
Түркістан облысында сұмдық қайғылы оқиға болды. Арыс қаласында жеңіл көлік жүргізген әйел жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылып, қоршау алдында орындықта отырған адамдарды қағып кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Салдарынан төрт адам қаза тапты, олардың екеуі кішкентай бала. Қайтыс болған әйелдердің бірі жүкті болған. Тағы екі адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Көлікті 52 жастағы Бибінұр Қасымова басқарған. Ол мектепте жұмыс істейді, ал бос уақытында такси қызметімен айналысқан. Сараптама қорытындысы бойынша, әйел көлікті мас кезінде айдағаны анықталған.
Полиция департаментінің мәліметінше үш адам қаза тауып, екі адам жарақат алған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, Арыс қаласында JAC маркалы автокөліктің жүргізушісі мас кезінде бірнеше адамды қағып, қашып кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу шықты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», деп хабарлады ПД.
Оқиға орнында үш адам, оның ішінде екі кәмелетке толмаған жасөспірім қайтыс болды. Зардап шеккен 2 адам медициналық мекемеге жеткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық