Алматыда тұрғынның смартфоны ұйықтап жатқанда жарылған
Алматыда тұрғынның смартфоны ұйықтап жатқанда жарылған. Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында ол оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Иесінің айтуынша, телефон әдеттегідей түнге қарай қуаттағышқа қосылып тұрған. Алайда түнгі сағат 03:00 шамасында құрылғы жарылып, артынша түтіндей бастаған. Үйдің ішін күйген иіс басып кеткен.
Тұрғын смартфонды дереу электр желісінен ажыратып үлгергенімен, сол кезде қолын күйдіріп алған.
Оның айтуынша, телефонды шамамен үш жыл бұрын сатып алған. Сондай-ақ қолданылған қуаттағыштың түпнұсқа емес, сапасыз құрылғы болғанын да мойындады.
Мамандар мұндай жағдайлардың алдын алу үшін смартфонды тек сертификатталған немесе түпнұсқа қуаттағышпен қуаттауға, құрылғыны ұзақ уақыт қараусыз қуатта қалдырмауға және аккумуляторы зақымданған телефондарды пайдаланбауға кеңес береді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық