Алматыда мопед жүргізушісі коммуналдық қызмет көлігінің астында қалып қаза тапты
Фото: zakon.kz
22 тамыз күні таңертең Алматыда Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болып, мопед айдаған адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Абай даңғылының батыс бағытында, Тілендиев көшесінен өткеннен кейін автобус жолағында коммуналдық қызметке тиесілі Dulevo көлігі тұрған.
Арнайы техниканың жүргізушісінің айтуынша, ол Абай даңғылын тазалап жүрген. Тілендиев көшесінен өткеннен кейін көліктің щеткасы тұрып қалған. Осыған байланысты жүргізуші техниканы жөндеу үшін автобус жолағына тоқтаған.
Шамамен сағат 04:27-де Dulevo жүргізушісі жөндеу жұмыстарын аяқтаған кезде, автобус жолағымен DongFang маркалы мопед келе жатқан. Мопед жүргізушісі жолда коммуналдық қызмет көлігі тұрғанын соңғы сәтте ғана байқаған.
Апат салдарынан 1993 жылы туған мопед жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында, медицина қызметкерлері келгенге дейін қайтыс болды.
Қазір оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері, анықтаушы және криминалист жұмыс істеп жатыр. Олар жол апатының барлық мән-жайын анықтауда.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық