Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
Алматыда 16 жыл бойы отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйел күйеуін өлтіргені үшін сотта ақталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлады.
Белсендінің айтуынша, әйел 16 жылдық отбасылық өмірінде жыныстық жолмен берілетін инфекциядан екі рет емделген. Сонымен қатар күйеуі оны үнемі ұрып-соғып отырған.
1 мамырда ер адам әйелін тағы да ұрған. Әйел жанталасып үйден көшеге қашып шығып, полиция шақыру үшін ұялы телефон іздеген. Алайда оған ешкім көмектеспеген.
Амалсыздан үйіне қайта оралған кезде күйеуі оны тағы ұруға әрекет жасаған. Сол сәтте әйел өзін қорғау үшін ас үй пышағымен күйеуінің кеуде тұсына бір рет соққы жасаған. Ер адам алған жарақатынан қайтыс болған.
Алқабилердің қатысуымен өткен сот отырысында әйел кінәсіз деп танылды. Сот оны ақтады. Сондай-ақ жәбірленуші тараптың моральдық және материалдық зиянды өндіру туралы азаматтық талабы қанағаттандырылған жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық