Алматыда 200-ден астам тұрғын құлағалы тұрған үйлерінен жаңасына көшті
Фото: Ашық дереккөзден
2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Алматыда 204 ескі тұрғын үй иесі «Алматы қаласының тұрғын үйін 2030 жылға дейін жаңғырту бағдарламасы» аясында жаңа пәтерлерге көшірілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қоныс аудару «Almaty Renovation» ЖШС, «Алматы» ӘКК АҚ және жеке инвесторлардың бірлесуімен жүзеге асырылды. Тұрғындарға «бөлме орнына бөлме» қағидаты бойынша баспана берілген немесе бұрынғы жылжымайтын мүліктің нарықтық құнына сай ақшалай өтемақы төленген.
«Пәтерлер толық әрленіп тапсырылады және қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған, интернет қосылған, өртке қарсы жүйелер орнатылған, сантехника және асүй жабдықтары — газ немесе электр плиталары қарастырылған» деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Ең көп қоныс аударғандар Түрксіб ауданында — 126 адам, Әуезов ауданында — 53, Бостандық ауданында — 13, Алатау ауданында — 6, Медеу ауданында — 3, Жетісу ауданында — 2, Алмалы ауданында — 1 адам.
Биыл жалпы 95 үйді сүру жоспарланып отыр.
Қоныс аудару мен ғимараттарды бұзу барлық меншік иелерінің келісімімен ғана жүргізіледі. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірінші қабаттағы немесе лифт, пандус және кедергісіз қолжетімділікпен жабдықталған үйлердегі пәтерлер қарастырылған.
Қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін каркас-қамысты үйлер мен тектоникалық жарықтар аймағында орналасқан ғимараттарды бұзуға ерекше назар аударылады. Ұсынылған қоныс аудару нұсқаларынан бас тартқан жағдайда, меншік иелері ескі үйлерде қалуға құқылы, алайда тұруға байланысты тәуекелдерге өздері жауап береді.
Жалпы, осы жылдың соңына дейін «Алматы» ӘКК, Almaty Renovation және инвесторлардың күшімен 1 165 адамды жаңа пәтермен қамтамасыз ету жоспарланған.
Реновация бағдарламасына қатысу үшін инвесторлар «Алматы» ӘКК сайтында өтінім бере алады. Әлеуетті инвесторларды іріктеу жобаларды қарау, таңдау және сүйемелдеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
«Реновация бағдарламасын жүзеге асыру тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, жайлы қалалық орта қалыптастыруға және қоғамдық кеңістіктерді дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар мегаполистің сәулеттік келбеті жаңарып, тұрғындар қауіпсіз әрі заманауи баспанаға ие болады. Жалпы 2030 жылға дейін 1 403 ескі үйді сүру және шамамен 7 500 меншік иесін көшіру жоспарланған», – деді Almaty Renovation бас директоры Еркебұлан Усманбаев.
«Алматы қаласының тұрғын үйін 2030 жылға дейін жаңғырту бағдарламасы» қала әкімдігі тарапынан әзірленіп, 2024 жылдың қараша айында мәслихатта бекітілген. Бағдарламаның әкімшісі – «Алматы» ӘКК АҚ, ал уәкілетті ұйым – «Almaty Renovation» ЖШС.
Оқи отырыңыз:
- Алматыдағы жаңарту бағдарламасы: Апатты үй иелері қандай өтемақы алады
- Алматыда 2030 жылға дейінгі қаланың бас жоспарына сай қай жолдар ұзарып, қандай нысандар сүріледі?
- Алматыда жол бойында өсіп тұрған ағаш автокөліктің үстіне құлады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық