Алматының жаңа бас жоспары: Әкімдік қоғам белсенділерінің айыптауларына жауап берді
Фото: gov.kz
Қала құрылысы, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Orda.kz сайтына Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық альянсы мен басқа да қоғамдық ұйымдардың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарды бекіту тәртібін бұзу фактілері туралы шағымдарына жауап берді.
Онда «Алматы қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 349 қаулысымен Алматы қаласының соңғы Бас жоспары бекітілгені айтылған. Мұның алдында заңда қарастырылған барлық заңды рәсімдер өтті.
«Бірінші. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 243-нқ бұйрығына сәйкес сараптама комиссиясы құрылды.
Оның құрамына 33 мүше кіреді:
▪️ жеті сертификатталған мемлекеттік сарапшы;
▪️ 14 комиссия мүшесі – консультанттар;
▪️ статусы расталмаған тоғыз комиссия мүшесі (оның ішінде «Құрылысқа STOP» тобының мүшелері М. Қасенова, В. Бөкейханова, В. Мартынова, А. Ерекенов. ) бар.
Екінші. 2023 жылғы 25-27 қаңтарда Бас жоспар жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 1 тиісті хаттама бар.
Үшінші. 2023 жылдың наурыз айында Жоба ескертулер мен ұсыныстарды жинау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Төртінші. 2023 жылғы 21 сәуірде № 6 Алматы қаласының мәслихаты Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспары жобасын қабылдау туралы шешім шығарды.
Бесінші. 2023 жылғы 28 сәуірде «Алматы қаласының бас жоспарын түзету» жобасы бойынша жиынтық сараптамалық қорытынды алынды.
Осылайша, Бас жоспардың заңсыздығы туралы уәждердің барлығы шындыққа жанаспайды» делінген әкімдіктің түсініктемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, осы аптада Алматыда «Алматыны қорғаймыз» бірлестігі, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық альянсы» қоғамдық белсенділері мен қала тұрғындарының басқосуы өтті. Онда Orda.kz тілшісі болып, Қазақстандағы ең ірі шаһардың алдағы 16 жылдағы дамуы мен құрылысын айқындайтын негізгі құжат – Бас жоспарға қатысты көптеген шағымдарды тыңдады.
Бұрындары Орда. kz Алматы аудандарының Бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды бастан аяқ жариялады. Сонымен бірге ақпан айының басында сәулетшілер Orda.kz журналистеріне жоспардың шикі екенін айтқан болатын.
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы аудандардың қолданыстағы ғимараттармен және кейінгі құрылыстармен, сондай-ақ жасыл кеңістіктерді қамтыған аумақтың егжей-тегжейлі жоспарын ұсынады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық