Алматыда «Батырларға тағзым» шеруі өтті
Фото: Игорь Улитин, Orda.kz
Алматыда «Батырларға тағзым» шеруі өтті. Оңтүстік мегаполис тұрғындары Ұлы Отан соғысы батырларының суреттерін көтеріп көшеге шықты, деп хабарлады Orda.kz.
Тілшіміздің мәліметінше, шеру Гоголь көшесімен Орталық парктен 28 гвардияшы-панфиловшылар паркіне дейін жалғасты. Оған бірнеше мың адам қатысты. Алматылықтар ұйымдасқан түрде тізбектеліп жүріп өткен шеруге көпшілік мемлекеттік жалаулар мен жеңіс туын көтеріп шыққан.
«Батырларға тағзым» шеруінің алғашқы қатары 28 гвардияшы-панфиловшылар паркіне жетсе де, шеру жалғасуда, өйткені қатысушылар өте көп», - деп хабарлады біздің тілшіміз.
Orda.kz журналисі әңгімелескен қатысушылар шеруге өздерінің туыстары - майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін еске алу үшін келгенін айтты. Шерудің өзі үш бағанға бөлінді. Оның біреуін жастар, екіншісін жергілікті қақтығысқа қатысқандар (интернационалист жауынгерлер мен бітімгерлер), үшіншісін әскерилер басқарды. Шеру басталғаннан жарты сағат өткеннен кейін акция сәтті аяқталды, ешқандай оқыс оқиға болған жоқ.
Алматы әкімдігі хабарлағандай, акцияға 30 мыңнан астам адам қатысты.
«Батырларға тағзым» майдангерлерді еске алу акциясының ресми атауы. Шеруді Алматы әкімдігінің қолдауымен ардагерлер бірлестіктері ұйымдастырды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіс шеруіндегі «Өшпес полк» мәселесіне нүкте қойды. Ол Қазақстанда майдангерлерді еске алу акциясы ендігі жерде «Батырларға тағзым» патриоттық акциясына ауыстырылатынын мәлімдеді.
Орда редакциясы жеңіс күні жақындап келе жатқанда, интернетте белгілі журналистер мен шенеуніктер қазақстандықтарды 9 мамырдағы шеруге шығуға шақырған бейнероликтер көбейіп жатқаны туралы жазған болатын, интернетте ҰҚК баспасөз қызметінің атынан да жалған «ресми мәлімдеме» тарады.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды