Дипфейктер шабуыл жасауда: Желіде «Өшпес полк» акциясына шығуға шақыратын жаңа жалған роликтер көбейді
Фото: Orda.kz коллажы
Жеңіс күні жақындап келе жатқанда, интернетте белгілі журналистер мен шенеуніктер қазақстандықтарды 9 мамырдағы шеруге шығуға шақырған бейнероликтер көбейіп жатыр. Қазіргі заманғы технологиялардың арқасында қолдан жасалған бейнежазбалар өте шынайы болып шығады, бірақ бұл арандатушылыққа толы жалған бейнелер, деп хабарлайды Orda.kz.
Біз Қазақстанда «Өшпес полк» акциясы төңірегінде туындаған жанжал туралы жаздық. Танымал тұлғалар шеруге шақыратын жалған роликтердің кейіпкерлері ретінде шабуылдаушылар СҚО әкімі Гауез Нұрмұхамбетовты, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты, тіпті премьер-министр Олжас Бектеновті де пайдаланды.
Журналистер де шет қалмады. Мессенджерлерде 9 мамырда «Өшрес полк» шеруіне шығуға шақыратын хабарламалардың жаңа толқыны таратыла бастады. Ұйымдастырушылардың байланысы ретінде «Орданың» бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың, Shyndyk порталының бас редакторы Ғазиза Райымбектің, журналистер Вадим Борейко мен Динара Сатжанның телефон нөмірлері көрсетілген.
Жақында таратылған жаңа бейнероликтерде журналистердің өздері «Өшпес полк» акциясын қолдауға шақырып отыр. Шабуылдаушылар бұл жолы медиаменеджер Сырым Итқұловтың, «Орда» бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың, журналист Вадим Борейконың бейнелерін пайдаланған.
Дипфейк - бұл жасанды интеллект көмегімен жасалған бейне. Нейрожелі интернеттен адамның фотосуреттері мен бейнелерін жинайды. Алгоритм оларды талдайды және бұл адамның қалай көрінетінін, сөйлеу мәнерін және қозғалысын үйренеді. Содан кейін осы деректер негізінде жаңа ролик жасайды.
Видеоларды кім және не үшін жасайтыны белгісіз. Арандатушылыққа алданбай, тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенген жөн.
Дегенмен Алматыда 9 мамырда еске алу акциясы өтетіні рас. «Батырларға тағзым» шарасының ресми ұйымдастырушылары - қала әкімдігінің қолдауымен ардагерлер бірлестіктері. Басталуы сағат 10: 15-ке жоспарланған. Қатысушылар Орталық парктен 28 панфиловшылар паркіне дейін жүріп өтіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қояды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық