Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
Фото: Бейнежезбадан кадр
Концерт басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын Алматының Орталық стадионына жинала бастаған көрермендер бірнеше сағат бойы нөсер жаңбыр мен қатты желдің астында өз кумирін күтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұйымдастырушылар концерттің ауыстырылғанын сахнадан хабарлады.
«Кешірім сұраймыз, бүгінгі шоуды ертең, дәл осы уақытқа ауыстыруға мәжбүрміз. Барлық билеттеріңіз сол сілтемелер арқылы қолжетімді болады. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Қауіпсіздік бәрінен маңызды», – деді ұйымдастырушылар.
Рэпердің өзі де әлеуметтік желідегі парақшаларында концерттің кейінге шегерілгенін растады.
Алайда көрермендер наразылық білдіруде. Олардың арасында концертке басқа елдер мен қалалардан арнайы келгендер көп. Олардың кейбірі ертең Алматыдан кетуі керек. Сондай-ақ кей көрермендердің ертеңге басқа жоспарлары болған.
Болмай қалған концертке келгендер байланыс пен интернеттің нашарлығына да шағымдануда. Стадион маңынан такси шақыру мүмкін болмағандықтан, адамдар үйлеріне жаяу қайтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық