Алматыда ақбөкеннің бір тонна мүйізі 1,2 млрд теңгеге сатылымға шығарылды
Алматыда ақбөкеннің бір тонна мүйізі 1,2 млрд теңгеге аукционға қойылды. Лот электронды сауда порталында жарияланған. Сатушы ірі көлемдегі мүйіз партиясына сатып алушы іздеп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бір тонна мүйіз саудаға шығарылды. Мүйізді қалдықтарды өңдеу және кәдеге жаратумен айналысатын «Жасыл даму» компаниясы сатуға шығарған. Лот сипаттамасында компания 1 227 148 000 теңгеге бір тонна ақбөкен мүйізін сатуды жоспарлап отырғаны көрсетілген.
Мүйіздердің орташа ұзындығы шамамен 25 сантиметр. Олар Алматының Түрксіб ауданында сақтаулы тұр. Хабарландырудағы фотоларға қарағанда, мүйіздер жәшіктерде сақталған. Бір келісі – 2600 доллар. Ақбөкен мүйізін сатуға Экология және табиғи ресурстар министрлігі рұқсат берген. Тиісті бұйрыққа министр Ерлан Нысанбаев қол қойған. Құжатта бір келі мүйіздің бағасы да белгіленген.
«Жасыл даму» акционерлік қоғамына ақбөкеннің 1 тонна көлеміндегі дериваттарын өткізуді тапсырамын. Ақбөкен мүйізінің бір келісіне 2600 АҚШ долларына тең баға белгіленсін» деп жазылған құжатта.
Аукцион 21 тамыз күні сағат 10:00-де өтеді. Бұған дейін Экология министрі Ерлан Нысанбаев ақбөкен мүйізін осындай сауда арқылы сатудан түскен қаражат жануарларды қорғауға және биоалуантүрлілікті сақтауға жұмсалатынын айтқан.
Еске салайық, 1999 жылы Қазақстанда ақбөкендерді, олардың өлексесін, бөліктері мен мүйіздерін кез келген мақсатта пайдалануға тыйым салынған. Бұл шектеу 20 жылдан астам уақыт бойы күшінде болды.
2023 жылдың қазанында ақбөкендер саны реттелуге жататын жануарлар тізіміне енгізіліп, оларды атуға рұқсат берілді. 2024 жылы ақбөкен ату уақытша тоқтатылды. Ал 2025 жылдың жазында ақбөкендерді атуға қайтадан рұқсат берілді. Бұл олардың санын әрі қарай реттеу мақсатында жасалған.
Сонымен қатар Қазақстан ақбөкен мүйізін экспорттауға рұқсат алды. Бұған дейін қолданыста болған нөлдік экспорттық квота алынып тасталды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық