Алматыда аялдамада белгісіз адам зейнеткерді есінен танғанша ұрды
Бейнеден кадр
Алматыда белгісіз адам автобус аялдамасында тұрған бейтаныс кейуананы есінен танғанша қатты ұрып, еш саспастан оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға түсірілген бейне әлеуметтік желіде тарап, жұрттың жағасын ұстатты. Күдікті жедел іздеу барысында ұсталды, деп хабарлады полиция.
Threads желісінде болған оқиға туралы зардап шегушінің қызы хабарлады. Оның айтуынша, бұл оқиға Алматы шипажайы орналасқан көшеде болған. Үлкен кісінің жанында ешкім болмай, жалғыз қалғанын күткен жас жігіт 66 жастағы әйелдің артынан келіп, бас салып жұдырықтай бастайды. Ол аздай есінен танып жерге құлаған кейуананың басынан тепкілеп, артынша түк болмағандай екі қолын қалтасына салып, тайып тұрғаны жақын арадағы камераларға жазылып қалған.
Қызының айтуынша зардап шеккен ана қазір ауруханада.
Алматы полиция департаментінен хабарлағандай, әйелге шабуыл жасау фактісі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.
«Қылмыс ізін суытпай ашылды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады қалалық ІІД.
Полицейлер оқиғаны жан-жақты және объективті тексеруге бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатқандарын мәлімдеді.
Полицияның соңғы ақпараты бойынша, күдікті жедел анықталды, ол бұған дейін сотталған 25 жастағы Илья Терёнов болып шықты.
Белгілі болғандай, 2020 жылы ол адам өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру ісі бойынша жауапқа тартылған. Сол кезде екі ер адам оның үйіне басып кіріп, ақша қайтаруды талап еткен, жанжал барысында Терёнов оларға пышақ жарақатын салған. Шабуыл жасаушылардың бірі қайтыс болып, екіншісі ауыр жарақат алған.
Сот оның әрекетін қажетті қорғаныс шегінен асып кету деп бағалап, 2 жылға бас бостандығынан айырған.
Қазіргі уақытта зейнеткер әйелді ұрып-соғу фактісі бұзақылық ретінде сараланып отыр. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза — 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Тергеу жалғасуда.
Оқи отырыңыз:
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Қазақстанда жыл басталғалы көршілес елдерден қашып келген 51 қылмыскер құрықталды
- Дер кезінде полиция шақырған балалар аналарын құтқарып қалды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық