Алматыда жол бойында өсіп тұрған ағаш автокөліктің үстіне құлады
Фото: Куәгер түсірген
Алматыда өсіп тұрған ағаш жолдың жүріс бөлігіне құлап, тұрақта тұрған жеңіл автокөлікті зақымдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға куәгерлердің айтуынша, сенбі күні Шәріпов көшесінде болған. Оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерде ағаштың Honda Civic автокөлігінің төбесін жапырып тастағаны көрінеді. Зардап шеккендер жоқ.
Алматы әкімдігі оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, құлаған теректе бұған дейін «сыртқы белгілерінде апаттық жағдайдың болмағанын» мәлімдеді.
«Қаладағы қатты жауын-шашын салдарынан топырақ шамадан тыс ылғалданып, жұмсарған, бұл ағашты ұстап тұған тамырына әсер ететіні белгілі. Әлсіреген тамыр ағаштың салмағына төтеп бере алмай, нәтижесінде ағаш жолға және жанында тұрған көлікке құлаған» деп жазылған хабарламада
Әкімдік сондай-ақ «құлаған ағаш жолдан алынып, кесіліп, басқа жаққа апарылды, автокөлік қозғалысы қалпына келтірілді» деп атап өтті.
Зақымдалған көлік иесіне келтірілген шығын өтеле ме, жоқ па, ол әзірге нақтыланбады.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда алып ағаш көшенің қақ ортасына құлап түсті
- Алматыда нөсер жауын салдарынан сегіз ағаш құлады
- Қонаевта қатты дауыл соғып, шатырлар ұшып, ағаштар құлады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық