Алматы тауларына көшкін қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды
Фото: Алматы ТЖД
Алматы тауларында көшкін қаупі күшеюіне байланысты блокбекеттер қойылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматының таулы аймақтарында блокбекеттердің орнатылғаны туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
«Алматы қаласының таулы өңірлерінде көшкін қаупі жоғары деңгейде. Осыған байланысты Қазселденқорғау мекемесі мен Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, таулы аймақтарға уақытша бармауды ұсынады. Сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшкін қаупі бар учаскелерде блокбекеттер қойылғанын хабарлайды» деп жазылған ресми ақпаратта.
Қосымша мәліметке сәйкес, көшкін қаупі бар аумақтар арқылы өтетін автожолмен қозғалыс көшкін жағдайы тұрақталғанға дейін уақытша тоқтатылды.
«Тауға шығар кезде ауа райы жағдайын және уәкілетті қызметтердің ресми ескертулерін ескерулеріңізді сұраймыз», деп атап өтті құзырлы орган.
Оқи отырыңыз:
- Алматы тау шаңғысы кластері жылына 7,5 млн турист қабылдай алады
- Алматы тауларында бір тәулікте үш қар көшкіні жүрді
- Шымбұлақта қар көшкінінен қаза тапқан әйелдің кім екені белгілі болды
Жаңалықтар
- Лукашенко: Трамп саясатында демократияның нышаны да жоқ
- Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақшы
- АҚШ-тың бас прокуроры Эпштейн ісі бойынша куәлік береді, Қазақстанда да файлдар тексеріледі
- 3 сәуірде Астана уақытымен 21 сағат 13 минутта жер сілкінісі тіркелді
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?
- Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды
- Алматыда жасөспірімдерге тиісіп, көшені шулатқан тәжік балалары ұсталды
- Мәскеу — Челябі бағытымен жүретін пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті
- Иран АҚШ-тың нысанаға алынуы мүмкін кемелерінің тізімін жасады
- 200 млн-ға жуық заңсыз табыс: Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ адамға үкім шықты