Шымбұлақта қар көшкінінен қаза тапқан әйелдің кім екені белгілі болды
Фото: instagram/ Олеся Головина
Қар көшкіні кезінде мерт болған әйел тау шаңғысынан кәсіби спортшы екені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Шымбұлақ » тау шыңғысы курортында қайтыс болған 35 жастағы Олеся Головина Ресейге қоныс аударған Алматы тумасы.
«Менің шаңғы тарихым Алматыда, Қазақстанда басталды. Сол жерде дүниеге келдім және өзімді өте жолы болғыш сезінемін! Бұл қала үш жағынан таулармен қоршалған. Үйден тау шаңғысы курортына 15 минутта, ал әйгілі Шымбұлаққа 40 минутта жетуге болады. Атам шаңғы тебетін, ол әкемді үйретті, ал әкем мені. Ал бұл 100% махаббат», деп жазды шаңғышы
Олеся 17 жыл бойы тау шыңғысынан сабақ берген. 10 жылдан астам уақыт кәсіби спортта ЦСКА Қазақстан командасында өнер көрсеткен, спорт шеберіне кандидат. Шаңғы спорты бойынша C және B категориялы нұсқаушы.
Instagram парақшасынан ски-кросстан бірнеше жыл қатарынан Red Bull Karogon жарысының жеңімпазы екені белгілі болды. Алматыдағы халықаралық Универсиада кезінде төреші болған.
Олеся Головина өз Instagram-ында соңғы жазбасын екі күн бұрын жариялаған. Видеода ол тау шаңғысымен қарлы трасса бойымен жылдам жүріп келеді.
«Достарыммен ересекше жарыстарда», - деп жазды Олеся.
Көшкін кезінде тағы екі адам қар астында қалды. Олар 35 жастағы И.Николаев пен 38 жастағы Н.Козырева екені белгілі болды.
Қар көшкіні бүгін сағат 14:57 болды. Үш шаңғышы беткейде сырғанап, қар көшкінінің жүруіне себеп болды. Бір тонна қар астынан 35 жастағы Олеся Головинаның денесі табылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық