Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударғандарға 7 миллион теңгеге дейін төленеді
Коллаж: Егемен Қазақстан
Қазақстанда жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге ерікті түрде қоныс аударғандарға арналған бағдарлама жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Енді қатысушылар жеке баспана сатып алу үшін 7 миллион теңгеге дейін қаржы ала алады, бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабардар етті.
Бағдарламадағы басты өзгеріс — экономикалық ұтқырлық сертификаты мөлшерінің ұлғаюы. Енді оның ең жоғары көлемі 1 625 АЕК, яғни шамамен 7 миллион теңге болады.
Бұл қаражатты қатысушы көшіп баратын өңірден тұрғын үй сатып алуға жұмсауға болады.
Сертификаттан бөлек, қоныс аударушыларға басқа да қолдау шаралары ұсынылады. Мемлекет көшу шығындарын субсидиялайды, тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық қызметтерге кеткен шығындарды өтейді, сондай-ақ жұмысқа орналасуға көмектеседі.
Сонымен қатар, жұмыс орнын көшпей тұрып-ақ таңдауға мүмкіндік бар. Ол үшін қабылдаушы өңірлердің өкілдері бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізеді, сондай-ақ жұмыс берушіні қашықтан таңдау мүмкіндігі қарастырылған.
Бағдарлама енді қазақстандықтардың кең ауқымы үшін қолжетімді болды. Бұрын ол негізінен жұмыссыздарға арналса, енді мемлекеттік қолдауды сұранысқа ие мамандар мен шаруа және фермер қожалықтарының басшылары да пайдалана алады.
Өтініш беру, көшу картасымен танысу, өңірлерде қандай мамандар қажет екенін білу және лайықты жұмыс табу үшін migration.enbek.kz порталы арқылы онлайн өтініш беруге болады.
Ерікті қоныс аудару бағдарламасы 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде оған 73,9 мың адам қатысқан, олардың 31 мыңы мемлекеттік қолдаудың арқасында тұрақты жұмысқа орналасқан.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық