Алматы облысындағы күре жолдағы жол апатынан әйел адам қаза тапты
Фото: gov.kz
Алматы облысында қарсы бағытқа шығып кетіп соқтығысқан жол апатынан әйел адам қаза тапты. Бұл туралы Orda.kz Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасы Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 38-шақырымында болған. Апат салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы көз жұмды.
Полицияның алдын ала мәліметінше, 32 жастағы Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сол жерде ол Hyundai маркалы көлікпен соқтығысқан.
Hyundai көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Екі көліктің де жүргізушілері және тағы үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бес адам зардап шекті.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жақында «Алматы – Бішкек» автожолында болған жол апатынан 3 адам тіл тартпай кетті. Олардың екеуі — Үндістан азаматы еді.
Оқи отырыңыз:
- Алматыдағы атышулы жол апаты нәрестені тағдыр тауқыметіне ұшыратты
- Бір қызды аяғынан айырған жол апаты: Астанада жүргізушіге рақымшылық берілді
- Жыл басынан бері Қазақстанда 29 мыңнан астам көлік апаты болды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық