Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген
Фото: Pexels
Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеуге қойғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот олардың әрқайсысына қылмыстағы рөлі мен қатысу деңгейіне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Тергеу барысында Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қылмыстық топтың екі жыл бойы белгіленген талаптарды айналып өтіп, автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқанын анықтаған.
Алдымен қылмыстық схемаға қатысушылар техникалық регламент талаптарын бұза отырып Қазақстанға әкелінген 642 жүк көлігін заңсыз тіркеген.
Кейін схема жеңіл көліктерге қатысты жалғасқан. Қатысушылар «қосар көліктерді тірілту» деп аталатын тәсілді қолданған. Яғни заңсыз әкелінген көліктерге Қазақстанда бұрын тіркеліп, кейін есептен шығарылған басқа көліктердің VIN-кодтары берілген. Осылайша тағы 209 көлік тіркелген.
Заңсыз схемаға полиция қызметкерлері, мамандандырылған ХҚКО мамандары және жеке нотариустар қатысқан. Олар ақпараттық жүйелерге жалған мәліметтер енгізіп, жалған тұлғалардың атына сенімхат рәсімдеуді қамтамасыз еткен.
Мемлекетке төленбеген тіркеу алымы 5,4 млрд теңгені, ал утиль алымы 1,2 млрд теңге болған. Жалпы сома 6,6 млрд теңгеден асты.
Тергеу кезінде көлік иелері алғашқы тіркеу алымдарын өз еркімен төлеп, мемлекетке 1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Сонымен қатар сот үкімімен сотталғандардың қылмыстық табысқа сатып алған бес автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді.
Бұрынғы төрт полиция қызметкері арнайы атақтарынан айырылды. Ал іске қатысы бар нотариустарға сот нотариаттық қызметпен айналысуға тыйым салды.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Ат байлаған арқанға ілініп қаза тапқан қызға қатысты оқиғаның жай-жапсары белгілі болды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық