Ат байлаған арқанға ілініп қаза тапқан қызға қатысты оқиғаның жай-жапсары белгілі болды
ЖИ жасаған иллюстрация
Шығыс Қазақстан облысында 13 жастағы қыз құрбысымен бірге мотоциклмен келе жатып, жолды көлденең керілген арқанға ілініп қалды. Бұған дейін қыздың оқиға орнында қайтыс болып, құрбысының жарақат алып ауруханаға жеткізілгені белгілі болған еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазір полиция жолдың қақ ортасына арқанның неге тартылғанын анықтап жатыр. Жергілікті тұрғындар қайғылы оқиға болған жерге гүл шоқтарын қойып жатыр. Ал оқиғаның куәгерлері болған жағдайдың жан түршігерлік жай-жапсарын айтып берді.
Оқиға куәгерлерінің бірінің айтуынша, ол достарымен бірге Вильгельм Пик көшесіне, қиылысқа қарай келе жатқан. Сол кезде екі мотоциклдің өтіп кеткенін көрген. Жақындай бергенде, бұрылыстың ар жағынан мотоцикл мінгендердің құлап жатқанын байқаған.
Куәгердің сөзінше, жол жиегіндегі бағананың жанында бір ер адам әлдебір трос немесе кабельге ұқсайтын қара түсті затты жинап тұрған. Артынша оқиға орнына патрульдік көлік келген. Полиция қызметкерлері куәгерлерден аты-жөнін және байланыс деректерін алып, кейін оларды қалалық полиция басқармасына жеткізіп, жауап алған.
Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, қайғылы жағдайға үйлердің бірінің жанындағы бағанаға байланған аттың арқаны себеп болған.
Оқиғаға қатысы болуы мүмкін ер адам полицияға жеткізілді. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар зардап шеккен қыздың жағдайы белгілі болды. Ол 15 жастағы жасөспірім болып шықты. Қазір ол Риддер қаласындағы аурухананың травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Дәрігер-терапевт Ардагүл Байісбаеваның айтуынша, қыздың диагнозы – жабық бас-ми жарақаты және жеңіл дәрежедегі ми шайқалуы. Сондай-ақ оның бас терісінде және бетінде сырылған жарақаттар бар.
Астана телеарнасына дәрігердің айтуынша, жасөспірімнің жағдайы ауыр емес, ол есін біледі, сөйлесе алады. Алайда оқиғадан кейін психологиялық күйзеліс алған. Оған психолог көмегі көрсетілген. Қазір дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап, жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Риддерде 13 жастағы қыздың мотоциклмен келе жатып, атқа байланған арқанға соғылып, қаза болғаны туралы жазған едік. Жануар иесі полицияға жеткізілген.
Еске салсақ, 25 тамыздан бастап Қазақстанда электрсамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынды. Бұл туралы Бас прокуратура еске салып, ереже сақтауға шақырды.
Оқи отырыңыз:
- ШҚО-да 13 жастағы қыз байлаулы аттың арқанына соғылып, қаза тапты
- Қазақстанда электрсамокатшыларға заң күшейді: Енді тротуарда жүруге болмайды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық