Алматы мен Гонконг арасында жаңа тікелей әуе рейсі ашылады
Фото: Wikimedia Common
20 тамызда Cathay Pacific әуе компаниясы Алматыға жаңа тікелей жолаушылар рейсін іске қосатынын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Әуе компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, алғашқы рейс 2027 жылғы 9 қаңтарға жоспарланған. Рейстер аптасына үш рет орындалады.
«Бұл бағыт әуе компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы бағыты және Гонконг пен Қазақстанды байланыстыратын жалғыз тікелей жолаушылар рейсі болады» деп жазылған компания хабарламасында.
Cathay Pacific өкілдерінің айтуынша, Алматы Қазақстанның сауда және мәдени астанасы ретінде Орталық Азияға шығатын маңызды қақпалардың бірі саналады. Жаңа әуе бағыты сауда, бизнес және туризм салаларындағы байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Қазақстанның коммерциялық және мәдени астанасы ретінде Алматы Орталық Азияға шығатын маңызды қақпа қызметін атқарады. Бұл бағыт сауда, бизнес және туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді», деп мәлімдеді Cathay Pacific.
Әуе компаниясының пікірінше, Алматыны өз бағыттар желісіне қосу Гонконгтың жетекші халықаралық авиациялық хаб ретіндегі орнын нығайтуға деген ұмтылысты одан әрі күшейтеді.
Сонымен 2027 жылдың қаңтарынан бастап Алматы тұрғындары мен Қазақстанға келетін жолаушылар Гонконгқа тікелей рейспен ұша алады.
Соңғы өзгерістерден де құлаққағыс ете кетейік, 2026 жылғы 10 тамыздан бастап Emirates әуе компаниясы жолаушыларға Дубайға ұшу күндерін шектеусіз және тегін өзгертуге мүмкіндік берді. Ал 2026 жылғы 16 қазаннан бастап Тайланд әуежайларында күдікті багажды иесінің қатысуынсыз ашуға рұқсат беріледі.
Оқи отырыңыз:
- Елімізде әуе рейсі өзгерісін реттейтін жаңа платформа іске қосылады
- Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық