Жапонияның атақты әуежайы өз салмағын көтере алмай суға кетуі мүмкін
Фото: aviav.ru
Жапонияның Осака шығанағындағы екі жасанды аралда орналасқан Кансай халықаралық әуежайы инфрақұрылымның салмағына байланысты су басу қаупіне душар болды, деп хабарлайды Orda.kz The Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Әуежай 20 миллиард долларға салынып, 1994 жылы ашылды. Қазір ол жылына 30 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Әуе айлағын Жапонияның құрлық бөлiгiмен 3,75 шақырымдық көпiр қосып тұр.
«Әуежай конструкторлары жобалау және құрылыс кезінде жер сілкінісі мүмкіндігін де ескеріп, ұшу-қону жолақтарына арнайы асфальтбетон қоспасы төселді, ол жолдың серпімділігі мен деформацияға төзімділігіне мүмкіндік береді. Бүгінгі күні ең үлкен проблема әуежайдың өз салмағы болып тұр. Ол тұнба мен балшықтан тұратын теңіз түбіне қысым жасаған сайын отыра бастаған» деп жазады басылым.
Әуежай жұмыс істей бастаған алғашқы жылдарда инженерлер оның 50 жыл ішінде 8 метрге дейін төмендейтінін болжаған, бірақ бұл көрсеткіш бүгінде кері нәтиже беріп отыр. Қазір әуежай 11,5 метрге төмендеді, 2056 жылға қарай құрылым толығымен су астына кетуі мүмкін.
Кансай әуежайында әлемдегі ең ұзын терминал ғимараты бар, ол - 1,7 шақырым болады. Ол сондай-ақ өзінің теңдеме жүкті өңдеудегі ерекше көрсеткіштерімен танымал. Қолданысқа берілгелі бері жолаушылар жүктерінің бірде-бірі жоғалған емес.
Бұған дейін Астана мен Алматы әуежайлары Skytrax World Airport Awards2025 нұсқасы бойынша Орталық Азия мен ТМД-да үздіктер қатарына іліккен болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық