Алаштың ардақты ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толды
Фото: ашық дереккөз
Бүгін, 9 ақпан қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Ол адам жанының ең нәзік, шынайы сезімдері мен рухани толғаныстарын ерекше иірімдермен жеткізе алған ақын, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі соғыста қаза тапты. Ақын ерте жастан ауыл тірлігіне араласты.
Ақынның туған күніне қатысты екі түрлі дерек бар. Ресми құжаттарда оның туған күні 9 ақпан деп көрсетілген. Алайда ақынның анасы Нағиманның естелігі ақынның 8 наурызда дүниеге келгенін айтады.
«Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз мерекесі болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз», — деген ақынның анасы.
Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, ақын Оразақын Асқар бұл айырмашылықтың себебін ақынның құжат алуымен байланыстырады. Мұқағали Мақатаевтың туған күні құжат бойынша 9 ақпан деп көрсетілген.
Ақын әртүрлі жылдары ауыл кеңесінің хатшысы, мектеп мұғалімі, аудандық газеттің тілшісі және радиода диктор болып жұмыс істеген.
Мақатаев қазақ лирикасын жаңа деңгейге көтерді. Оның ең танымал шығармаларының бірі — «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы және «Сарыжайлау», «Үш бақытым», «Мен таулықпын» өлеңдері. Сонымен қатар ол Шекспирді, Дантені қазақ тіліне аударды.
Ақынның туған күні жыл сайын атап өтіледі. Биыл да Алматыда 11 ақпанда қазақ поэзиясының ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Мен – ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын» атты әдеби-шағармашылық кездесу өтеді.
Оқи отырыңыз
- Мұқағали Мақатаев туралы фильм халықаралық фестивальде жүлдеге ие болды
- Сеулде Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған кеш өтті
- «Qazaqstan» Мұқағали Мақатаевқа арналған тарихи телехикая көрсетеді
Жаңалықтар
- Алаштың ардақты ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толды
- Қасым-Жомарт Тоқаев АИИБ президентін қабылдады
- Таразда 2 баласын терезеден лақтырған әйел психикалық дертпен есепте тұрған
- Бішкекте мектеп сыныптарын орыс және қырғыз тілдеріне бөлуден бас тартпақ
- Ресейдегі Мемлекеттік Думада депутат Нұрлан Сабуровтың сөзін сөйледі
- Сабуровтың «майданға сыйлығы» туралы жазба әлеуметтік желідегі жанжалдан кейін өшірілді
- Жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдар үшін ЖТС шегерімін қолдану тетігі қаралды
- «Терроризмді насихаттаған»: Семей қаласының тұрғыны желідегі хабарламасы үшін сотталды
- Ақтөбеде әйел мен 3 баланың денесі табылды
- Сара Назарбаева ауруханадан шықты
- Астана қаласының прокуроры ауысты
- «Ақсуда мал жаюға арналған жер телімі сатылып кеткен»: Жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
- Мемлекет басшысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады
- Илон Маск Ай мен Марсқа қала салуды жоспарлап отыр
- Баға шарықтап барады: Қазақстанда ет бағасы бір жылда 30 пайызға өсті
- Қонаевта қатты дауыл соғып, шатырлар ұшып, ағаштар құлады
- Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды
- Өздерін ломбард желісі деп таныстырған алаяқтар қолға түсті
- «Жігіттер жеңіспен оралсын». Сабуров Ресей әскерін қолдаған видео жарияланды
- Абылайхан Жұбаназар дзюдодан халықаралық турнирде Қазақстанға үшінші медаль әкелді