Сеулде Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған кеш өтті
Қазақ поэзиясының бір туар тұлғаларының бірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы шетелде ерекше аталып өтті. Кештің ұйымдастырылуына Қазақстанның 9 елдегі елшіліктері мен консулдықтар ұйытқы болған.
Онлайн кеште шетелдіктер Мұқағали ақынның өлеңдерін қазақ және ағылшын тілдерінде оқыды. Әдеби кеш Мұқағали Мақатаев туралы «Kazakh TV» телеарнасы түсірген фильммен басталды. Мұқағали Мақатаев өлеңдері Отан, махаббат пен өмір туралы. Сондықтан оның шығармалары шетелдегі қазақстандықтарға жақын.
Поэзия кешіне қатысушылардың арасында Кореяда 10 жылдан бері тұратын қазақстандық Назгүл Қарабаева мен Мұқағали Мақатаев жырларын сүйіп оқитын сингапурде тұратын Әлихан Батырбеков те бар.
Мұқағали оқырмандары арасында шетелдіктер де көптеп табылады. Мәселен Австралиялық студент Бенджамин Андерсонға Мұқағалидің Нығмет Ибадилдин мен Динара Писарева аударған «Бақыт деген не?» өлеңі ұнаған.
Куала-Лумпур тұрғыны Азва Йонг қазақ елін әлемге танытқан Димаш Құдайбергеннің жанкүйері екен. Оның қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі Димаш әндерінен бастау алады. Ол осы кеште Мұқағали өлеңдерін жатқа оқыды.
— Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған Жаным менің, Кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған!, деген өлең жолдарын оқыды Азва Йонг.
Онлайн-әдеби кешке Үндістан, Вьетнам, Таиланд және Индонезия тұрғындары да қатысты. Қазақ мәдениеті жанкүйерлерінің келесі кездесуі Наурыз мейрамына жоспарлануда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық