Әл-Фарабидегі жол апаты: Пакқа кешірім берген отбасылар саны тағы да толықты
Коллаж Orda.kz
Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін жалмап кеткен ірі жол-көлік апатына қатысты соттың кезекті отырысында үшінші марқұм Қыдырбек Томиристің отбасы Александр Пакқа кешірім беріп, арыз-шағымы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Резонансты соттың алдын ала тыңдалымында-ақ өз кінәсін мойындаған сотталушы Александр Пак сол кезде марқұмдардың туыстарынан кешірім сұраған еді. Ал өткен сот отырысында Елман мен Құмар атты жәбірленшуілердің туыстары сотта Александр Пакты кешіргенін айтып, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды сұраған еді. Сонымен қатар, жәбірленушілердің туыстары Пакқа қатысты ешқандай талап-арыздары жоқ екенін, келтірілген моральдық шығын толық өтелгенін жеткізді.
Сондай-ақ, сот процесі ашық болғанымен процеске сотталушы онлайн қатысуда. Оған себеп ретінде Пак апаттан кейінгі аяғындағы жарақаты жүріп-тұруға кедергі жасайды деп жеткізген еді. Өткен сот отырысында жәбірленуші тарап та сотқа онлайн қатысуды қалады.
Бүгінгі сот отырысында сол апат болған күнгі Александр Пактың мейрамханада бірге отырған куәгер Адам Мархиев жауап берді.
«Біз сол күні Афанасич мейрамханасында кездестік, түнгі 12-ге дейін отырдық. Ол күні Пактың мейрамханада нақты қандай тапсырыс бергені есімде жоқ. Отырыстан соң әрқайсымыз тарап кеттік үйімізге. Мен таксиге отырып кеттім. Алкольді ішімдік ішпедім әрі дастархан басында көрмедім. Жөл-көлік апаты болғанын таңертең әлеуметтік желіден білдім. Пак туралы айтар болсам ол сабырлы, жақсы жігіт», — деді ол.
Алайда судья мейрамханада алынған түбіртекте алкогольді ішімдік бар екенін айтты. Куәгер нақты өзі отырған кезде ешқандай ішімдік көрмегенін айтты. Ол ішімдікке өзі кетіп қалған соң тапсырыс беруі мүмкін екенін жеткізді.
Сонымен қатар, сотта жәбірленуші Томирис Кыдырбектің анасы сотталушыны кешіргенін әрі оған қатысты ешқандай талап-арызы жоқ екенін айтты.
«Мен Пакты кешірдім, қазіргі уақытта оған қатысты ешқандай шағымым жоқ. Ол маған барлық шығынды өтеп берді. Сонымен қатар, оған бас бостандығынан айырмайтындай жаза тағайындауды сұраймын. Біз екі тарап толық татуластық Пакқа қатысты менің арыз-шағымым жоқ», — деді Томирис Кыдырбектің анасы.
Сотта екінші куәгер Әйгерім Әбдрайымованың айтуынша ол сол кеште Александр Пакпен алғаш рет танысыпты.
«Мен шамамен сағат алтыда мейрамханаға бардым. Ол жаққа мені құрбым шақырды, екеуміз алкогольді ішімдікке тапсырыс бердік. Ал қалғандарының ішімдік ішкенін жеке басым көрмедім. Мен ол жерде көп те отырмадым бір жарым сағат отырдым. Мен сотталушы Пакты да басқасын да танымаймын, құрбым шақырған соң барған едім. Оның үстіне олардың маған әңгімесі ұнамады. Олар өзге қыздар туралы жағымсыз сөздер айтып, мен танымайтын адамдарды жамандап отырды. Сондықтан мен көп отырмадым, өзім жалғыз үйге такси шақырып кетіп қалдым. Нақты Пактың ішімдік ішкенін көрмедім», — деді куәгер Әйгерім Әбдрайымова.
Қазіргі уақытта сотта тағы да басқа куәгерлерден жауап алынып жатыр.
Еске сала кетейік, қайғылы жол апаты 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында болған. Тергеу нұсқасы бойынша, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапқан.
Оқи отырыңыз:
Әл-Фарабидегі апат: Марқұмдардың туыстары Пакты кешіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінді
Әл-Фарабидегі апат: Күдікті заңға сай жаза алуға дайын екенін айтты
Жаңалықтар
- Күйеуі ұрып, қолын сындырған: Жанжалдан кейін әйел өзіне қол салды
- Зеленский Ирина Мудраяны қызметтен босатты
- NASA Falcon 9 құлағаннан кейін Айда пайда болған кратер фотосы жарияланды
- Алматы облысындағы тауда шашылып жатқан адам сүйектеріне қатысты ТЖД мәлімет берді
- «Сұңқар» шаңғы трамплині: 10 жылдан асса да жұмысшылар неліктен жалақысын сол күйі алмай кетті?
- «Біреуінің бауыры езіліп, үш бала қашып кеткен»: Райымбек ауданындағы қайғылы апатқа байланысты жаңа деректер шықты
- 20 тамыздан бастап қандай смартфондарды сатуға тыйым салынады?
- Бас мүфти Наурызбай қажы: Әйелге қол көтеру – ерлік емес
- Тәртіп өзгерді: Алимент түсетін арнайы шотты бұғаттауға болмайды
- Солтүстік Арал қайта толып келеді: Су дипломатиясы теңіз тағдырын өзгертті
- Алматыда екі жігіттің сөмкесін ашып қараған полицейлерге қатысты қызметтік тексеру басталды
- Башар Асадтың бауыры Сирияда өлім жазасына кесілді
- Dior компаниясының PR-директоры Матильда Фавье жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
- «Алатау» жеңілдетілген бағдарламасы: Елімізде тағы бір 5 пайыздық ипотека іске қосылды
- Шетелдік туристер Алматы облысындағы тауда шашылып жатқан адам сүйектеріне тап болды
- ХҚКО қызметкері қызметтік көлікпен кейуананы қағып, мерт қылды
- Қуат Хамитов Қазақстанда басшылық қызметке тағайындалды
- Астанада 20 жыл бұрын жасалған кісі өлімі әшкереленді
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты