Ақмола облысында 221 млн теңге табысқа кенелген заңсыз вейп саудасы тоқтатылды
Фото: ҚМА
Ақмола облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті прокуратураның үйлестіруімен электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Өнімдерді өткізу үшін әлеуметтік желілердегі онлайн-дүкендер пайдаланылып, жеткізу курьерлік тәсілмен жүзеге асырылған.
Құқыққа қарсы әрекеттерін жасыру мақсатында топ мүшелері түрлі конспирация шараларын қолданған, оның ішінде ақшаны қабылдау және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлер пайдаланылған.
Қылмыстық табыс көлемі 221 миллион теңгеден асты.
Сот санкциясымен күдіктілердің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды.
Ұйымдастырушы қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кету керек, жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі вейптерді заңсыз сату фактілері бойынша 12 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
Заңсыз айналымнан 717 мың дана өнім тәркіленді.
ҚМА вейп қолдану, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында, никотинге тәуелділіктің дамуына әкелетінін ескертті. Никотин жүрек-қантамыр және жүйке жүйесіне әсер етіп, созылмалы аурулардың даму қаупін арттырады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық