Ақтөбелік тұрғын әріптесіне 7,7 млн несие алғызып, өлтіріп көміп тастады
Фото: Orda.kz
Ақтөбе соты жантүршігерлік қылмысқа үкім шығарды. Әріптесін шүберекпен қылқындырып, мәйітін көміп тастаған 48 жастағы ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Orda.kz тілшісі сотқа қатысып, істің мән-жайын анықтады.
Іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Судья Жәнібек Сейітжапаров сотталушыны адам өлтіру қылмысы бойынша кінәлі деп таныды.
Іс бойынша екі адам жауапқа тартылды. Жәбірленуші 33 жаста. Сотталушымен бірге зауытта жұмыс істеген.
Сотталушы Л. 48 жаста. Ол ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 8, 10 - тармақтары (бұзақылық ниетпен, басқа қылмысты жасыру үшін адамды өлтірген), 194-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында жасалған қорқытып алушылық) бойынша кінәлі деп танылды.
Оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Екінші сотталушы У. 33 жаста. Ол ҚК-нің 432-бабымен (қылмысты жасырып қалу) бойынша кінәлі деп танылды. Оған «ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңының негізінде 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Оқиға 2025 жылы сәуір айында болды. Белгілі болғандай, сотталушы Л. Ақтөбе қаласындағы зауыттардың бірінде жәбірленуші К. деген азаматпен бірге жұмыс істеген. Одан ақша талап ету жайлы қылмыстық ой басына келген.
Жәбірленуші К. есімді азаматты үйінің алдында күтіп, автокөлігімен жұмыс істейтін зауытқа дейін еріп барады. Кейін автокөлігіне отырғызып, қала сыртына алып шығады. Жәбірленушінің ұялы телефонындағы банк қосымшасы арқылы 7,7 млн теңге несие рәсімдеткен. Бұл қаражатты сол жерде У. есімді танысының есеп шотына аударып жібереді.
Әрі қарай қылмысты жасыруды ойлап, К. есімді жәбірленушіні шүберекпен қылқындырып өлтіргені айтылды. Мәйітін У. деген танысының тұратын жері — Алға ауданының аумағына апарады. Сол үйден күрек алып шығып, мәйітті көміп тастаған. Осы дерек бойынша, У. аса ауыр қылмысты біле тұра хабарламаған, жасырған.
Аса ауыр қылмыс куәлардың көрсетуі, сараптама қорытындысы, бейнебақылау камераларындағы жазбалар, заттай айғақтармен дәлелденді.
Сотталушы Л. тағылған айып бойынша кінәсын толық мойындамады. Сотталушы У. кінәсін толық мойындады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр сотпен кінәлі деп танылған еді. Ол өзінің көңілдесіне қол көтергені үшін кінәлі деп танылып, 80 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық