Ақтөбе облысында жол апатынан мерт болғандар арасында 3 жасар бала бар
Фото: Orda.kz
Самара-Шымкент автожолы бойындағы жантүршігерлік жол апатына қатысты тың деректер шықты. Қаза болған 12 адамның екеуі бала. Тағы бір жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр.
Orda.kz тілшісі мән-жайды анықтады.
Қайғылы оқиға Ақтөбе облысында 23 қазан күні таңғы сағат 08:40-та болды. Жол апатынан мерт болған 3 және 9 жастағы балалар әкелерімен бірге жолға шыққан. Қайтыс болған бір баланың әкесі ауруханада жатқаны айтылды.
Мерт болғандардың арасында анасы мен студент ұлы бар. Әйтеке би ауданы әкімдігінің хабарлауынша, 16 орындық жаңа ГАЗель Жүргенов ауылынан таңғы сағат 07:00-де шыққан. Тасымалдаушы жеке кәсіпкер, маусым айынан бастап ресми түрде келісім-шартпен облыс орталығы мен ауыл арасына қатынап жүрген.
Ал жол апатынан зардап шеккен 6 науқас Хромтау аудандық ауруханасында жатыр. Олардың бірі – 2009 жылы туған бала.
«Облыс орталығынан келген ересектер мен балаларға арналған екі дәрігерлік бригада жұмыс істеуде. Құрамында реаниматологтар, травматологтар, хирургтер және нейрохирургтер бар. Пациенттерге шұғыл көмек көрсетілді. Дәрі-дәрмек пен қан компоненттері жеткілікті», деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасы.
Оқиға орнына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров барды. Әкімдіктің хабарлауынша, қаза болған 10 жолаушының отбасына 1 млн теңгеден көмек көрсетіледі.
«Оқиға орнына өзім келіп, қарап шықтым. Жанымызға бататын ауыр қаза. Тума-туыс, жақындарына көңіл айтамыз. Біз үшін өте ауыр қаза болды. Таңғы сағат 08:00-ден өте осындай оқиға болғаннан кейін барлық тиісті мемлекеттік органдар өз жұмысын атқарып келеді. Біздің тарапымыздан жан-жақты көмек ұйымдастырылды. Барлық жағдай өз бақылауымда болады», — деді Шахаров.
Айта кетейік, жантүршігерлік оқиға 23 қазан күні Самара – Шымкент автожолының бойында болды. Ақтөбе облысы Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «Газель» маркалы жолаушылар көлігі соқтығысып 12 адам мерт болды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық