Ақтөбелік келіншек Луиш Нанидің футболкасын сатылымға шығарды
Фото: ЖИ арқылы жасалды
«Ақтөбе» — «Алтай» матчы кезінде доп соққысы салдарынан зардап шеккен келіншек клуб берген футболканы сатылымға шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін матч барысында трибунада отырған әйелге жоғары жылдамдықпен ұшқан доп келіп тиіп, ол жабық бас-ми жарақатымен ауруханаға жеткізгенін жазған едік. Оқиғадан кейін «Ақтөбе» футбол клубы зардап шеккен Аянай Елтоқованы португалиялық футболшы Луиш Нанимен кездестіріп, оған ойыншының қолтаңбасы бар жейде және екі маусымдық абонемент табыстаған.
Алайда бірнеше күннен соң бұл сыйлықтар OLX платформасында сатылымға қойылған. Нанидің жейдесі 400 мың теңгеге, ал абонементтер 60 мың теңгеге бағаланған. Жарияланған скриншоттар әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыланды. Ал Аянай Елтоқова бұл шешім алдын ала клубпен келісілгенін айтты.
«Келіссөз қорытындысы бойынша клуб залалды толық өтей алмайтынын айтып, бар мүмкіндігі ретінде футболка мен абонементті өткізу нұсқасын ұсынды. Бұл — клубтың өзі ұсынған шешім болды», — деді ол.
«Ақтөбе» футбол клубы жағдайға қатысты кең түсініктеме бермей, тек жейденің ойынға арналған түпнұсқа форма емес екенін нақтылады.
Оқи отырыңыз:
«Ақтөбе» ФК матчына барған әйелдің бетіне доп тиіп, миы шайқалды
Бейімбет Майлин ескерткішінің мойнына мініп алған қыз жазаланды
Иранда бұрынғы ММА чемпионы тыңшылық жасады деген айыппен өлім жазасына кесілді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық