Ақтөбелік депутат өз еркімен мандатынан бас тартты
Ақтөбеде «Lexus» автокөлігін мас күйінде жүргізген қалалық мәслихат депутаты және «Аманат» партиясының мүшесі Сәния Мұратова сайлау комиссиясына өзі арыз түсірді.
Мұны Ақтөбе қалалық мәслихаттың төрағасы Анар Даржанова растады.
«Қазіргі уақытта аумақтық сайлау комиссиясына депутаттық мандатынан бас тарту туралы арыз түсті. Сессияға оны депуттаттықтан шығару жөнінде ұсыныс берілді. Әрі қарай жағдай сессия отырысында қаралады»,- деді ол.
Сәния Мұратова 2021 жылдан бастап Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты.
Осы оқиғадан соң «Аманат» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының
атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов ресми орган шешімінен кейін ғана шара қолданылатынын айтқан болатын.
Еске салсақ, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі Сәния Мұратова жол жүру ережесін бұзып, полицияға ұсталғаны туралы хабарладық. Сараптама қорытындысы 53 жастағы жүргізушінің алкогольдік мас күйде болғанын көрсетті.
Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің екі бірдей бабымен, яғни, «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiне қою, қарсы жүру немесе басып озу ережелерін бұзу» және «Көлік құралын мас күйінде жүргізу» бойынша хаттама толтырылды.
Жаңалықтар
- Еліміз балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін енгізеді
- 200 тоннадан астам зақымданған астық елге кіргізілмей, экспорттаушы елге қайтарылды
- Прокуратура Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылықты анықтады
- Bloomberg — Қазақстан өңірдегі цифрландыру көшбасшысы
- Жаңа Конституцияның қабылдануына орай кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін?
- Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды
- Жалған жұмыс арқылы әлеуметтік төлем алғандарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды
- АҚШ Эбола вирусын жұқтырған науқастарын Африкаға орналастырмақшы, Кения соты қарсы шықты
- Қарағанды облысында өртенген үй мен шаруашылық құрылысынан 8 газ баллоны шығарылды
- Тоқаев: Озық технологиялар еуразиялық интеграцияның қуатты катализаторына айналуы керек
- Жангелдиндегі отбасы өлімі: Туыстары бірнеше ай бойы марқұмдармен хат жазысқан
- «Есімімді кірлетуге жол бермеймін»: Михаил Шайдоров жалақы дауына қатысты мәлімдеме жасады
- Қазақстан халықаралық деңгейде «+7» телефон коды бойынша тең құқықты мәртебесін бекітті
- Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Қазақстан Ресейдің қазақтар көп тұратын өңірлеріне мектеп салады
- Тағы бір «Палау орталығы» өртенді, бұл жолғысы Астанада
- Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандыққа қатысты тың дерек шықты
- Сот процесінде Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасының сөзі тыңдалды
- Қай маман иелерінің жалақысы 2,5 есеге дейін өсіп, үкіметтен қолдау көреді?
- Атырауда жасөспірім қатысқан оқиға бойынша төрт адам жауапқа тартылды