Ақтөбеде жұлынған қызғалдақпен суретке түскен әкім жазаланбайтын болды
Коллаж: Orda.kz
Ақтөбеде қызғалдақ ұстап суретке түскен әкімді сот әкімшілік жауаптан босатты. Судья оқиға орнына әкімді ертіп барып, қызғалдақ жұлған жерді таппай келді.
Orda.kz тілшісі көпшілік абсурдқа балаған осы сот отырысын жіті бақылап, қатысып келген еді. Бүгінгі сот шешімін де тыңдап қайтты.
Ақтөбе соты қызғалдақпен суретке түскен әкімге қатысты әкімшілік істі бір ай қарады. Бүгін жұлынған қызғалдақпен суретке түскен Жұбанов ауылдық округінің әкімі Ләззат Бердібаеваға қатысты сот қаулысы шықты.
«Ләззат Бердібаеваға қатысты әкімшілік іс ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылсын. Қаулы табыс етілгеннен бастап 10 тәулік ішінде Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты арқылы Ақтөбе облысының сотына шағым апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін», —деді судья.

Енді әкімді «балаға дұрыс тәрбие бермеу» бабымен айыптаған полиция түсініктеме береді. Полицейлер оқиға орнын анықтамастан іс қозғай салған. Жұлған жерін нақты анықтамаған.
Әкімшілік құқықбұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар ұсынбаған полицияға сот жеке қаулы шығарды.
«Ақтөбе облыстық полиция департаменті бастығының назары іс бойынша анықталған және осы қаулыда көрсетілген заңдылықты бұзу жағдайларына әкімшілік құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларға аударылсын. Оларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыну енгізілсін. Жекеше қаулы бойынша оны алған күннен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданған шаралар туралы жекеше қаулы шығарған Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына хабарлансын», —деді судья Мусина.
Судья Айпатша Мусина осыған дейінгі сот отырысында ботаникалық сараптама қорытындысына жүгінді. Бірақ олар суретке қарап, гүлдің сирек кездесетін немесе құрып кету қаупі төнген өсімдік екенін анықтай алмаған еді. Судья оқиға орнында көшпелі отырыс болатынын хабарлады. Гүл жұлынған далаға судья әкімді ертіп барып келген.
Бұл туралы сотпен әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған орны көшпелі сот отырысында анықталмағаны хабарлады. Іс бойынша құжаттар қайта жарияланады.
Жұбанов ауылдық округінің әкімі Ләззат Бердібаеваның жұлынған қызғалдақпен түскен суреті 20 сәуір күні желіге шықты.
Полиция әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 1-бөлігімен іс қозғады. Бұл «балаға дұрыс тәрбие бермеу» туралы жаза.
Сот 13 мамырда әкімшілік істі қарауды бастады. Өзіне тағылған айыппен келіспеген ауыл әкімі сотта жылап жіберді. Ол далалықта гүлді жұлмау туралы ескерту тақтасы болмағанын айтты. «Гүлді жұлмау туралы ескертпеді» деген полицияға қасымызда болған жоқсыз деп ақталды.
Сот Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Артур Қаңтарбаевты шақырды. «Зерттеуші емеспін» деген мемлекеттік қызметкер суретке қарап нақты шешім қабылдай алмайтынын айтты.
Кейін сот ботаникалық сараптамаға жүгінді. Бұл жерде сапасыз суретке қарап, нақты қорытынды шығара алған жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін полиция «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақты жұлуға қатысты заттай айғақтардың болмауына байланысты қылмыстық іс қозғалмайтыны туралы айтқан еді. Сотта полицияның оқиға болған жерде анықтау жұмыстарын жүргізбегені белгілі болды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Orda.kz келесі сот отырысы қызғалдақ өскен далада өткелі жатқанын хабарлаған болатын. Оған дейін болған сот отырысында әкім сот алдында сөз сөйлегенде көз жасына ерік беріп, ағынан жарылған еді.
Бұл жағдайды әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылады. Бірі «қазаққа жау керек емес» деп арыз жазғандарды сынаса, екіншісі «даладағы жабайы гүлдің бірі» деп жазып жатты. Енді бірі елдегі басқа мәселелерге назар аудармай, дәл осы жағдайды қолға алған құзырлы органдарды сынады.
Авторы: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық