Ақтөбеде келінін зорлады деген күдікпен қайын атасы қамауға алынды
Фото: Orda.kz
Ақтөбе облысы Алға ауданының Бесқоспа ауылында 22 жастағы келіншек өгей қайын атасынан «зорлық көрдім» деп шағым түсірді. Оқиға келін мен қайын атасы бірге тұратын үйде болған.
Orda.kz істің мән-жайын анықтап көрді.
Ресми мәліметке сүйенсек, шағым 29 қазан күні түскен. 22 жастағы келіншек оқиғаны полицияға өзі баяндаған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Полиция Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау фактісі бойынша күдіктіні ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыстық істі жан-жақты, әрі бейтарап тергеуге бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай жәбір көрген келіншектің екі баласы бар. Балалардың үлкені 3 жаста. Кішісі қырқынан енді ғана шыққан.
Оқиғаның үйде күйеуі жоқ кезде болғаны айтылады. Қазір келіншекке психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Күдікті – 53 жастағы енесінің күйеуі. Енесі бірінші жолдасы қайтыс болғаннан кейіннен екінші рет тұрмыс құрған. Яғни, келіншектің туған қайын атасы емес. Бірақ сол үйге келін болып түскен. Бәрі бірге тұрған.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбеде 17 жастағы жасөспірім қыздың зорланғаны және оған спираль салынғаны хабарланды.
Сондай-ақ, өңірде ішінде бөпе бар екенін босанғанға дейін білмеген 14 жастағы оқушы босанды. Бұл іс бойынша 64 жастағы атасы күдікті ретінде ұсталды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық