«Ауытқуы бар»: Ақтөбеде түсік жасатқан және спираль салдыртқан жасөспірім туралы жаңа деректер белгілі болды
Фото: Pixabay
Ақтөбеде 17 жастағы өрімдей қызға спираль салынды. Қыз бір жыл бұрын анасының келісімімен жүктілігін ерте үзген. Полиция жасөспірімді зорлау оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысында жасөспірімнің зорлық көргені туралы ақпаратты бірінші «НеМолчи» қоғамдық қоры жария еттті. Онда жасөспірімнің екі рет зорлық көргені айтылған. Белгісіз ер адамдардың оны көлікке отырғызып, топ болып зорлағаны жазылған. Қыздың психикалық жағдайы ауыр, ал анасы маскүнем деген жазбада қорғансыз өрімдей қызға араша түсуді сұрайды.
Мән-жайды жасөспірімнің видеосын түсірген оқиға куәгерінен анықтадық.
«Мен бұл қызды 2-3 жылдан бері танимын. Өзім қайырымдылықпен айналысамын. Мұқтаж отбасыларға көмектесеміз. Бұл қыз бізден киім алып жүрді. Шашы, үсті лас, күтімсіз жүреді. Қыста полициямен рейд жасау кезінде ол қызды тағы көрдім. Кейін ауруханаға жеке шаруамен барғанда осы қызды тағы көрдім. Ауруханада жатып шықтым деген құжатын көрсетті. Жүктіліктің үзілгені, жыныстық қатынастан тыйылу керектігі жазылған. Шошып кеттім. Жүкті болдың ба деп сұрадым? Ол сол кезде өзін зорлағанын айтты. Бірақ бұл қыздың мінезі тұрақты емес, ауытқуы бар. Айтқан сөзін видеоға түсірдім. Ол қорқатынын айтты. 26 қыркүйек күні болған, сол күні полицияны шақырдым. Олар кейін хабарласты, қыздың анасы шағым жазудан бас тартқан. Біз қорғансыз балаларға көмек көрсетуге тиіспіз. Анасы қызын қарамайды. Ішімдікке үйір. Бұл қызды әркім зорлай бере ме?», – деді атын құпия қалдыруды сұраған қайырымдылық қорының қызметкері.
Orda.kz тілшісі зорлық-зомбылыққа ұшыраған жасөспірім қыз тұрады делінген мекенжайға барды.
Бұл — бұрынғы жатақхана. Бірінші қабаттың өзінде 14 пәтер орналасқан. Көршілердің сөзінше, бұл пәтерде анасы мен қызы бірге тұрады. Алайда, олар бұл үйге бөгде адамдардың жиі келетінін айтады.


«Бұл үйге адам көп келеді. Мамасы ішімдікке әуес сияқты. Кіріп-шығып жататындар көп. Отбасы қиын, ішінде тарақан да көп. Біз ондайлармен араласпаймыз», — дейді көршілері.
Ақтөбедегі жасөспірім қыздың жүктілігі бойынша ресми органдар түсініктеме берді. Өңірдегі Бала құқықтарын қорғау уәкілі Айгүл Нұркеева отбасыға арнайы барған.
«Өткен аптада мен ол үйге бардым, анасымен, қызбен сөйлестім. Мен учаскелік полиция қызметі мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға бардым. Жағдаймен толық таныстым. Мендегі ақпарат бойынша анасы ата-ана құқығынан айырылмаған. Мен бұл жағдайды қадағалаймын. Бұған дейін анасы да, қыз да көмек сұрамаған. Ең бастысы – оған көмектесу керек. Жалғызбасты ана, қызы екеуі ғана тұрады», – деді Нұркеева.
Денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, бұл қыздың бірінші жүктілігі.
«Жасөспірім 2024 жылы медициналық көмекке жүгінген. Анасының келісімімен жүктілігі үзіліп, одан кейін ол контрацепциямен қамтамасыз етілген. Бұл оның бірінші жүктілігі болған. Қыздың жеке денсаулық жағдайы туралы ақпарат медициналық құпия» деп жауап берді денсаулық сақтау басқармасы.
Полиция оқиғаға қатысты ҚК-нің 122-бабымен (Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас, еркек пен еркектің жыныстық қатынасын, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасын немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау) іс қозғалғанын хабарлады.
«Аталған дерек бойынша полиция тексеріс жүргізді. Қылмыстық кодекстің 122-бабымен тергеу жүреді. Осыған дейін анасы мен қызы кәмелетке толмағанға қатысты қандай да бір құқық бұзатын әрекет жасалғаны жөнінде құқық қорғау органдарына арыз беруден бас тартқан. Тексеріс барысында келтірілген уәждер зерттеліп, осы оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар сұралады», деп хабарлайды облыстық ПД.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбеде 14 жастағы оқушы 64 жастағы өгей әкесінен ұл туғанын жаздық. Бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауда.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Астанадағы тұрғын үй кешенінде лифт кенеттен құлап, бір адам қаза тапты
- «ҚазМұнайГаз» Қарашығанақтағы үлесті арттырмақ: ұлттық компания «Лукойл» үлесін сатып алуы мүмкін
- Белсенді Мирболат Мырзатайұлы 4 жылға сотталды
- «10 жастағы баланың қолын сындырып, бұраған»: Ақтөбелік ана әлімжеттік көрген ұлы үшін әділдік сұрады
- «Мен қызымды қорғадым»: Анасы мен баласы бұрынғы күйеу баласын өлтіргені үшін 15 жылға сотталды
- Ақмола облысының әкімі «Хабар» тілшісінің сұрағына шүйлікті
- Астана Мәскеудің қол астында ма? Қазақстан Польшада ұсталған тыңшыны қайтаруға барын салып жатыр
- Стамбұл мэрі 2352 жылға сотталуы мүмкін
- Бишімбаевтың әкесінің қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды
- Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов әжетханаларды жеке өзі тексеретінін айтты
- Прокурор Яна Легкодимованы өлтіргендерге өмір бойы түрме жазасын талап етті
- Александр Машкевичтің Лондонда зираты табылды
- Бишімбаевтың анасы сотта келінінің өлімін есіне алып, көзіне жас алды
- Ақтөбеде 8,9 млн шығын келтірген алаяқ әйел сот залынан босатылды
- «Педофил — Алланың барына дәлел»: Имам дау болған сөзін түсіндірді
- Қазақстан Екатерина Биволды ұстау үшін Ресеймен байланыс орнатты
- Шавкат Рахмоновтың әйелі қатысқан жол апаты: Тергеу аяқталуға жақын
- 12 адамның өмірін қиған жол апаты: Жансақтау бөліміндегі 16 жастағы жасөспірімнің жағдайы белгілі болды
- Жоқшылық: Ақтаудағы «Қазақтелеком» қызметкерлері Бағдат Мусинге шағымдарын айтты
- Ресей — Қазақстанның Құдай қосқан көршісі — Тоқаев