«Ағза саудасы»: Қарағандылық жігіт бүйрегін сатпақ болып, қолға түсті
Фото:Orda.kz
Ақтөбеде өз бүйрегін 15 миллион теңгеге сатуға келіскен Қарағанды облысының тұрғыны сотқа күзетпен жеткізілді. Ол келісілген соманың жартысы 7,5 миллион теңгені алған сәтте ұсталған, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазіргі таңда Ақтөбе қалалық соты Қылмыстық кодекстің 116-бабы 1-бөлігі («Адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою») бойынша қозғалған істі қысқартылған тәртіпте қарап жатыр.
Қылмыс 2025 жылдың сәуір айында жасалған. Сотталушы – Қарағанды облысы Нұра ауданының 1998 жылғы тұрғыны Данияр А. Бұған дейін сотталмаған, ажырасқан, екі жастағы баласы анасымен бірге тұрады. Ол қарызын өтеу үшін Telegram желісі арқылы бүйрегін сату туралы хабарландыру жариялаған.
«Данияр А. жұмыссыз болған, қарызын өтеу мақсатында заңсыз жолмен табыс табуға шешім қабылдаған. 8 сәуірде Telegram-ға бүйрегін сатуға ниетті екенін жазып, ұсыныстар қабылдай бастаған. 12 сәуір күні ол Қарағандыда бола тұра Ақтөбеден хабарласқан адаммен келісімге келіп, медициналық тексеруден өту және келісімді жүзеге асыру үшін Ақтөбеге баруға келіскен.
Сатып алушы 22 сәуірде Қарағандыдан билет алып, 28 сәуірде Ақтөбеге жеткен. Осы күндері Данияр сатып алушы жалдап берген пәтерде тұрған. 30 сәуірде жалдамалы пәтерде 7,5 миллион теңге қолма-қол берілген кезде полиция қызметкерлері оны ұстады», – деді прокурор Әділет Ньютонұлы.
Ол 2025 жылғы 30 сәуірде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері тарапынан ұсталды.

«Бүйрегімді сату үшін әлеуметтік желіде хабарлама жарияладым. Бастапқыда 20 миллион теңге сұрадым. Ақтөбелік азамат хабарласты. Ақырында 15 миллион теңгеге келістік. Ол менің жол шығынымды, пәтерақымды өтеп берді. Медициналық анализдер тапсырдым. Алдымен 7,5 миллион беретін болды, қалғаны – операциядан кейін. Ақша маған қарызымды жабуға қажет болды», - деді Данияр А..
Сотталушы бұған дейін тағайындалған сот отырыстарына келмеген. Судья Құсайын Қусаев екі рет отырысты кейінге қалдырды. Кейін ол сотталушыны мәжбүрлеп жеткізуге шешім шығарды. Содан кейін оған қатысты бұлтартпау шарасы — «ешқайда кетпеу туралы қолхат» күзетпен ұстауға ауыстырылды. Ол Ақтөбедегі тергеу изоляторына қамауға алынған.
Сот отырысы тараптардың жарыссөзімен жалғасады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық