АҚШ USAID бағдарламаларының 83 пайызын ресми түрде тоқтатты
Orda.kz. коллажы
АҚШ-тың USAID агенттігін ақпан айынан бері басқарып келе жатқан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 10 наурызда агенттік ақша бөлген бағдарламалардың көпшілігі қысқартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Алты апталық тексеруден кейін біз USAID бағдарламаларының 83 пайызын ресми түрде тоқтатамыз» деп жазды Марко Рубио X әлеуметтік желісінде.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, әңгіме миллиардтаған доллар болатын 5,2 мың келісімшарт туралы болып отыр. Рубио бұл қаражат Америка Құрама Штаттарының мүдделеріне «қызмет етпейтін, тіпті кейбір жағдайларда зиян келтіретін» жолмен жұмсалғанын айтады.
Қалған бағдарламалар (олардың мыңға жуығы) Мемлекеттік департаменттің тікелей бақылауына беріледі. Марко Рубио DOGE-ге (миллиардер Илон Маск басқаратын АҚШ үкіметінің тиімділігі департаменті) «көптен қажет және тарихи реформаны» бастауға көмектескені үшін алғыс айтты.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп қаражатты жылдар бойы тиімсіз жұмсағандықтан, жарлықпен USAID қызметін тоқтатқан болатын.
Агенттік Қазақстанда қандай жобаларды қаржыландырғаны, енді кімдер америкалық грантсыз қалатыны туралы және Трамптың маңызды шешімдерінің бірі USAID агенттігінің жұмысын тоқтату болғанын біз де жан-жақты таратып жазғанбыз.
Сондай-ақ, АҚШ-тың жаңа президенті Әлемдегі USAID-тің барлық өкілдері әкімшілік демалысқа жіберді.
Сонымен қатар Қазақстан мәжілісінің депутаттары АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) мен «шетел агенттері» туралы өтірік мәлімдеме жасағандары әшкере болды.
Даудың соңы Вашингтондағы USAID штаб-пәтерін жабумен тынды. АҚШ президенті Дональд Трамп USAID қаржысын тиімсіз жұмсады деп сынға алды. Оның айтуынша, агенттік түрлі елдердегі ЛГБТ құқықтарын қорғауға 40 миллион доллар бөлген.
Ақ үй USAID-тың «берекетсіз» шығындарын ашты.Бизнесмен Илон Маск АҚШ-тың USAID агенттігін сынап, оны қылмыстық ұйым деп атады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық