Ақ үй USAID-тың «берекетсіз» шығындарын ашты. Қазақстан жобалары не болмақ?
Фото: Pexels
Ақ үй халықаралық даму агенттігінің (USAID) күмәнді шығындарын көрсетті. Orda.kz Қазақстандағы қандай жобаларды Америка қаржыландырғанын айтады.
АҚШ әкімшілігі мұндай шығындар ондаған жылдар бойы болып келе жатқанын айтты. Жүздеген миллион доллар күмәнді жобаларға кетті.
«Оншақты жылдар бойы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) салық төлеушілерге есеп бермеді, өйткені ол бюрократтардың берекетсіз және көп жағдайда зиянды жобаларына үлкен көлемде ақша құйды, олар іс жүзінде қадағаланбады», деп мәлімдеді Ақ үй.
Тізімде адам көңіліне расымен де күмән туғызатын шығындар бар:
- Колумбияда «трансгендерлік опера» қоюға 47 мың доллар;
- Перуде «трансгендерлік комикс» жасауға 32 мың доллар;
- Инклюзивтілік идеяларын насихаттайтын ирландиялық мюзикл үшін 70 мың доллар;
- Вьетнамдағы бір электромобильге 2,5 миллион доллар;
- Египеттегі туризмді қаржыландыруға алты миллион доллар;
- Террористік ұйымдармен байланысты коммерциялық емес ұйымға жүздеген мың доллар;
- Сириядағы Әль-Каида содырларына арналған жүздеген мың тамақ;
- Талибанға пайда әкелетін Ауғанстанда бұрын-соңды болмаған көкнәр өсіру мен героин өндірісін қолдау үшін пайдаланылатын суару арналарын, ауылшаруашылық жабдықтарын және тіпті тыңайтқыштарды қаржыландыруға жүздеген миллион доллар.
«Тізімді шексіз шығара беруге болады. Бұлардың бәрі ондаған жылдар бойы істеліп келе жатқан дүниелер. Президент Трамптың кезінде бұндай жымқырулардың бәрі тоқтайды», деп мәлімдеді Ақ үй.
USAID-тың сөзінше, олар Қазақстанды тәуелсіздік алғаннан бері қолдап келеді. Осы кезге қаражат азаматтық қоғамды қолдауға, жергілікті басқаруды дамытуға, жаңартылатын энергетика мен цифрлық қызметтерге жұмсалды.

USAID-тің Қазақстандағы және Орталық Азиядағы жобалары:
- «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» — 6,9 млн доллар. «Еуразия Орталық Азия» қоғамдық қоры (ОАЕҚ) іске асырумен айналысатын жоба Қазақстан мен Тәжікстандағы ҮЕҰ-ны қолдауға бағытталған.
- «Қатысушы басқару — бөлінген жауапкершілік» — Павлодар облысында, Жетісу облысында, Ұлытау облысында және БҚО-да жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін 2024 жылғы ақпанда іске қосылған төрт жылдық жоба.
- Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы-құны 18 млн доллар тұратын азаматтық институттарды дамыту жөніндегі бес жылдық жоба.
- Жаңартылатын энергия көздері — USAID ЖЭК-ті Қазақстанның энергожүйесіне интеграциялау жөніндегі жобаларға 39 млн доллар салды.
- Цифрлық технологиялар және компьютерлік сервистер — агенттік цифрландыру саласында мемлекеттік органдармен ынтымақтасады.
- Қазақстан жастарын зерттеу және жастардың әлеуметтік мінез-құлқы мен қалауын талдау бойынша зерттеу жобасы.
Бұдан бөлек, USAID басқа да бағдарламаларға қатысқан. Олардың ішінде бизнесті қолдау, әлеуметтік бастамалар мен білім беру жобалары.
Уәде бергендей, инаугурациядан кейін Трамп «америкалықтардың негізгі мәселелерін шешу» туралы жарлықтарға қол қойды. Олардың бірінде басқа елдерді дамыту бағдарламаларын қаржыландыруды тоқтату туралы бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық