АҚШ-тың әскери әуе күштері Иранға соққы жасады
Фото: Ақ үй
АҚШ президенті Дональд Трамптың хабарлауынша, америкалық әскерилер Иран аумағындағы үш ядролық нысанға – Фордо, Натанз және Исфаханға әуе соққыларын жасады, деп жазады Orda.kz.
Оның айтуынша, операция сәтті өткен: «Бүкіл оқ-дәрі қоры негізгі нысан – Фордоға жұмсалды».
«Біз Иранның үш ядролық нысанына өте сәтті соққы жасадық. Құрметті америкалық жауынгерлерімізді құттықтаймын. Әлемде мұндайға қауқарлы басқа армия жоқ» деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Сондай-ақ ол АҚШ ұшақтарының Иранның әуе кеңістігінен шығып, базаларға оралғанын «Қазір бейбітшілік уақыты келді», – деп атап өтті.
Трамп Вашингтон уақыты бойынша 22:00-де Ақ үйден халыққа үндеу жасайтынын мәлімдеді. Ол Иранның ядролық нысандарына жасалған соққыларды «АҚШ, Израиль және бүкіл әлем үшін тарихи сәт» деп атады. Трамптың айтуынша, енді Иран соғысты тоқтатуға келісуі тиіс.
Axios порталы Израиль шенеунігіне сілтеме жасап, Трамп әкімшілігі бұл соққы туралы алдын ала Израильді хабардар еткенін жазды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық