АҚШ-та Мұхтар Мағауинге құлпытас қойылды
Фото: Сапарбек Нағашыбеков // Facebook
АҚШ-та жазушы, зерттеуші, тарихшы Мұхтар Мағауиннің бейітінің басына құлпытас орнатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
3 мамырда Вашингтон қаласында бір топ қазақтар жиналып жазушының басына құлпытас орнатып, «Мұхтар Мағауин атындағы Қазақ ұлттық мәдени-ағарту орталығының» ресми таныстырылымы өтті.
Жаузшының ұлы Едіге Мағауин әкесінің басына орнатылған құлпытастың мәні мен мағынасын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл ескерткіш жай ғана белгі емес, тарихтан сыр шертер мәдени нышан.
«Бір жылдың ішінде бұл жерге көптеген қазақ келіп, оны киелі орын ретінде қабылдай бастады. Құлпытас адамдар әкемізбен сырласқандай күй кешсін деген ниетпен орнатылды. Тау бейнесі – қазақ пен түркі жұртының көне тарихының символы. Арғы бетінде көне түркі жазулары, бергі жағында Шыңғыс хан дәуірінен Қазақ Ордасына дейінгі кезең бейнеленген. Бұл – әкем зерттеген тақырыптар. Төменгі бөлікте «Аласапыран» романының ізі бар. Жоғарғы бөлігінде жыраулар мұрасы көрініс тапқан. Арыстан үстіндегі жырау – батырлық пен даналықтың белгісі, қолындағы алдаспан – ұмыт болған ұғымның жаңғыруын білдіреді. Құлпытаста қалам мен алдаспан қатар бейнеленіп, өткен мен болашақты жалғау идеясы көрсетілген. Жоғарғы бөлігі Күлтегін үлгісінде жасалып, Құран аяттары да енгізілген. Бұл – халық пен келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікті білдіреді», – дейді Едіге Мағауин.


Фото: Сапарбек Нағашыбеков // Facebook
Сонымен қатар, шарада «Мұхтар Мағауин атындағы Қазақ ұлттық мәдени-ағарту орталығының» ашылу мақсатын да айтылды. Едіге Мағауиннің айтуынша, бұл құлпытас киелі орынға айналып, келушілерге әкесімен сырласқандай әсер беру үшін қойылған. Тау бейнесі түркі халықтарының тарихын білдіреді, ал ондағы көне жазулар мен тарихи көріністер жазушы зерттеген кезеңдерді қамтиды. Төменгі бөлігінде «Аласапыран» романының сарыны байқалады.
«Жоғарғы бөлігінде жыраулар мұрасы, арыстан үстіндегі жырау мен алдаспан бейнеленіп, батырлық пен рухани мұра сабақтастығын көрсетеді. Қалам мен алдаспан символдары арқылы өткен мен болашақты жалғау идеясы берілген. Күлтегін үлгісі мен Құран аяттарының енгізілуі халық алдындағы жауапкершілікті білдіреді», – дейді Едіге Мағауин.
Еске сала кетейік, 2025 жылы 10 қаңтарда Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауин АҚШ-тың Мерилэнд штатында 85 жасында дүниеден озды.
Оқи отырыңыз:
- Мұхтар Мағауин: Аласапыран заманның алып тұлғас
- Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленді: Жазушыны соңғы сапарға шығарып салуға кімдер келді?
- Президент марқұм Мұхтар Мағауиннің отбасына көңіл айтты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық