АҚШ Сенаты Трамптың заң жобасын мақұлдады
Фото: Evan Vucci / AP
АҚШ Сенаты Америка Президентінің федералдық шығындарды қысқарту туралы заң жобасын көпшілік дауыспен қабылдады. Бұл құжат «Біртұтас, ауқымды, көркем» (The Big Beautiful Bill) деген атаумен танымал, деп хабарлайды Orda.kz NBC телеарнасына сілтеме жасап.
«Республикашылдар бақылауындағы Сенат көп сағаттық дауыс беруден кейін Дональд Трамптың ішкі саясаттағы кең көлемді бастамаларын ілгерілететін заңдар топтамасын мақұлдады. Бұл — оның жоспарларының жүзеге асуына тағы бір қадам жақындау» деп хабарлады телеарна.
Заң жобасын 51 сенатор қолдап, 49 қарсы дауыс берді, олардың ішінде екі республикашыл қарсы шыққан.
«Біртұтас, ауқымды, көркем» — бұл Дональд Трамптың 2025 жылы ұсынған ірі бюджеттік-салықтық заң жобасы. Құжат оның негізгі сайлауалды уәделерін орындауға бағытталған және бірқатар салаларда салықтар мен мемлекеттік шығындарды қысқартуды көздейді.
Заң жобасы АҚШ ішінде де, шетелде де кең қоғамдық резонанс тудырды.
Аталған заң жобасы Трамп пен Илон Маск арасындағы жанжалға себеп болды. Күні кеше Маск заң жобасының соңғы нұсқасын қатты сынға алып, оның АҚШ-та миллиондаған жұмыс орнын жоюы мүмкін екенін мәлімдеді.
Масктың пікірінше, бұл заң жобасы мемлекеттік қарыз шегін 5 триллион долларға арттырады.
«Бұл — тарихтағы ең үлкен өсім болмақ және Американы қарыздық құлдыққа апаратын тез жолға қояды», – деді ол.
2025 жылғы мамыр айының соңында Илон Маск осы заң жобасына қатысты Трамппен жанжалдасып Ақ үйден кетті, оның бюджет қаражатын оңтайландыру әдісі Қазақстан түгілі өз еліне жарамай қалды.
Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті елдегі ірі салық борышкерлерінің антирейтингін жариялады. Тізімде жалпы қарызы 15 миллиард теңге болатын 758,7 мыңнан астам компания бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық