Илон Маск Ақ үйден кетті, оның бюджет қаражатын оңтайландыру әдісі Қазақстан түгілі өз еліне жарамай қалды
Фото: The White House
Жұма күні Илон Маск Ақ үйдегі ресми қызметінің соңғы күнін өткізді. Ол Дональд Трамптың ең жақын серіктесі, кәсіпкер әрі миллиардер, сондай-ақ өз бастамасымен құрылған Мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру департаментінің (DOGE) басшысы қызметін осы күнге дейін атқарды, деп хабарлайды Orda.kz ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
Масктың 130 күндік өкілеттік мерзімінің аяқталуына орай дөңгелек кабинетте баспасөз конференциясы өтті. Журналистермен кездесуге миллиардер оң көзінің асты көгеріп келді. Масктың айтуынша, жарақатты оның 5 жастағы ұлы байқаусызда салған.
Ол бұл жағдайды әзілге айналдырып, «Франциядан кем емеспін» деді, ол бұл сөзімен Франция президенті Эммануэль Макронның әйелі Брижиттен шапалақ жеген сәті түсірілген бейнеге ишара жасады.
Президенттен Маск көптеген мақтау сөз естіп, есте қалатын сыйлық — Ақ үйдің символды алтын кілтін алды. Дональд Трамптың айтуынша, ол бұл кілтті тек «ерекше адамдарға» ғана ел атынан алғыс ретінде табыстайды
Трамптың мақтауы және уәде беріліп орындалмаған реформалар
Reuters агенттігінің жазуынша, Трамп DOGE басшысы ретіндегі Масктың жұмысын жоғары бағалап, оның мыңдаған жұмыс орнын қысқартқанына және шетелдік мемлекеттерге арналған миллиардтаған көмек қаражатын (соның ішінде USAID бағдарламасының 90%-ын) тоқтатқанын атап өтті. Алайда Масктың бастапқыда жариялаған ауқымды реформалары толық жүзеге аспады.
«Илон шын мәнінде кетіп жатқан жоқ. Ол анда-санда қайта оралып тұрады», – деді Трамп, миллиардердің өзінің жақын кеңесшісі болып қала беретінін атап өтіп.
Маск болса үкіметті қысқарту күткеннен әлдеқайда күрделі екенін айтып, бұған «кең таралған бюрократиялық зұлымдық» кінәлі деп мәлімдеді. Дегенмен, ол DOGE ақыр соңында әлдеқайда үлкен үнемдеуге қол жеткізеді деген сенім білдірді.
«Мен Трамптың досы әрі кеңесшісі ретінде қалуға ниеттімін. Егер президент мені бір іске шақырса – мен әрдайым қызмет көрсетуге дайынмын», – деді Маск.
Қоғамдық реакция және Маск бизнесінің салдары
DOGE іске кіріскелі бері ондаған мың мемлекеттік қызметкер жұмысынан айырылды, USAID-тің шетелдік көмектерінің 90%-ы жабылды, сондай-ақ «алуантүрлілік, әділдік және инклюзия» (DEI) бастамаларының басым бөлігі тоқтатылды. Бұл шаралар қатаң сынға ұшырап, жаппай наразылық тудырды. Соңғы әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, америкалықтардың жартысынан көбі DOGE-тің қызметін зиянды деп есептейді.
Бизнесмен Илон Маск АҚШ-тың USAID агенттігін сынап, оны қылмыстық ұйым деп атады.
Мемлекеттік қызметке келген Маск инвесторлар тарапынан қысымға ұшырады. Олардың айтуынша, оның саясаттағы белсенді рөлі компаниялар үшін ауыртпалыққа айнала бастаған. Tesla сауда нүктелеріндегі АҚШ пен Еуропадағы жаппай наразылықтар автокөлік сатылымының төмендеуіне және акция бағасының құлдырауына әсер етті.
Масктың басқа да бизнес жобалары – SpaceX пен Starlink – бастапқыда оның саяси беделі арқылы ұтады деп күтілгенімен, Трамппен тығыз байланысына қатысты олар да қоғам назарына ілікті.
Биылғы ақпан айында экономист Рахым Ошақбаев миллиардер Илон Маск басқаратын АҚШ-тағы департаментке ұқсас бюджет шығындарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізуді ұсынған болатын.
Соның алдында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бюджетті үнемдеуді Илон Маск пен Дональд Трамптан үйренуді алға тартты. Енді бұл әдістің Қазақстан түгілі АҚШ-тың өзінде жүзеге аспай, қажетсіз болып қалғанын көріп отырмыз.
Жаңалықтар
- Министрлік көлік жүргізушілерге үндеу жасады
- «Аз жалақыға ауыр жұмыс істейді»: Коммуналдық қызметкерлерді сынап басы дауға қалды
- Леңгірде бетперде киген адамдар үйге кіріп, әйелді бірнеше сағат бойы ұстаған
- Павлодар облысында трактор екі баланы қағып кетті
- Жаңа оқу жылы: Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
- Әуежайда бет-жүзбен 15 секундта тексеру: Қазақстанда жолаушылар үшін не өзгереді?
- Президент дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үздік жеңісімен құттықтады
- ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады: Бес партия мандат алады
- Маңғыстауда 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасаған соңғы күдікті ұсталды
- Бас прокуратура мемлекетке келтірілген 66,5 млрд теңге залалды анықтады
- Қазақстандықтардың шетелден Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды
- Энергетикалық ресурс: Иранда жаңа газ қоры табылды
- «Қара түтінге тұншықтық»: Алматыдағы тұрғын үй кешенінен өрт шықты
- Exit poll нәтижесі жарияланды: Құрылтайға қанша партия өтті?
- ҚР ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуға жол берілген жоқ
- Бостандық ауданында сайлау учаскесіне ЕҚЫҰ бақылаушылары келді
- Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу белсенділігі түстен кейін арта түсті
- Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай сайлауы туралы не айтты?
- Тоқаев: Вице-президент баршаңыз жақсы білетін танымал адам болады
- Президент: Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады