Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды

cover Фото: Pexels

Батыс Қазақстан облысында түнгі клуб маңында қоғамдық тәртіпті бұзған 22 жастағы тұрғын 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға Бөрлі ауданының Ақсай қаласында болған. Полиция қызметкерлері түнгі клубтардың бірінің жанында қоғамдық тәртіпті бұзып жүрген жас жігітті ұстаған.

Полицияның мәліметінше, ол қоғамдық орында балағат сөздер айтып, тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбаған.

Құқық бұзушының Ақсай қаласының 22 жастағы тұрғыны Әсет Кеңесов екені анықталды. Іс сотта қаралып, сот шешімімен оған 25 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар