Әкімдіктегі тілсіз жау: Ақтөбе облысының әкімі мәлімдеме жасады
Фото: Orda.kz
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров әкімдік ғимаратындағы өрттен кейін қызметкерлер еркін кестеде жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Асхат Шахаров өртті сөндіру кезінде журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«Сағат 20:21-де бізге әкімдік ғимаратының шатыры жанып жатқаны туралы хабар түсті. Бір сағат ішінде өрт оқшауланды. Айналадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әскери бөлімнің жасағы келді. Тағы да қайталап айтамын, зардап шеккендер жоқ», – деді өңір басшысы.
Әкімнің сөзінше, оқиғаның мән-жайын анықтайтын тергеу тобы құрылған. Ал бүгін әкімдік еркін кестеде жұмыс істейді.
«Ертең мемлекеттік басқармалардағы көптеген қызметкерлердің жұмыс күні онлайн форматта өтеді. Біз үшін ең бастысы – олардың қауіпсіздігі», – деді Асхат Шахаров.
Әкім өртті сөндіруге 140-тан астам қызметкер және шамамен 80 бірлік техника жұмылдырылғанын мәлімдеді. Тілсіз жау 300 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Тілсіз жаудың беті қайтқан соң Асхат Шахаров төтенше жағдайлар бойынша жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді.
Жиында облыс әкімдігі ғимаратының шатырындағы өртке байланысты жағдай қаралды. Жиынға ТЖД, полиция департаменті және өзге де басқарма басшылары қатысты.
Облыс әкімі әкімдік аумағындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, салдары толық жойылғанға дейін өрт сөндіру және жедел қызметтердің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруды, сондай-ақ өрттің шығу себебін анықтау үшін мамандарды тарта отырып жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды.
Айта кетейік, кеше, 7 сәуірде Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық