Трамп Иран өркениеті «жойылуы» мүмкін екенін тағы мәлімдеді
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран өркениеті «жойылуы» мүмкін екенін кезекті рет мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ президенті әдетінен жаңылмай, Truth Social платформасында Ираға қатысты тағы бір жазба жариялады.
«Бүгін кешке тұтас бір өркениет жойылып, енді ешқашан қайта қалпына келмейді. Мен мұндайдың болғанын қаламаймын, бірақ, бәлкім, солай болады. Алайда енді бізде толық және абсолютті режим ауысады, мұнда ақылдырақ әрі радикалды емес күштер үстемдік етеді — мүмкін, таңғаларлық өзгерістер болуы ықтимал» деп жазды ол.
Сонымен қатар АҚШ президенті әдеттегі қоқан-лоққы стиліне көшіп, таңғаларлық өзгерістер болуы ықтимал екендігін қосып қойды.
«КІМ БІЛЕДІ? Біз мұны бүгін кешке, әлем тарихындағы ең маңызды сәттердің бірі ретінде білетін боламыз. 47 жылға созылған бопсалау, жемқорлық пен өлім ақыры аяқталады. Ұлы Иран халқына Құдай жар болсын!» деп аяқтады жазбасын.
Еске салсақ, журналист Такер Карлсон Трампты Иран туралы «Аллаға мадақ» деген жазбасы үшін қатаң сынға алды. Сонымен қатар, ол АҚШ қақтығыстарды діндер арасындағы бәсекеге айналдырмауы керек екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай мәлімдемелер сенім өз қағидаттарына соққы болады.
Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға тағы да қатаң ескерту жасады: егер Тегеран бүгін кешке дейін Ормуз бұғазын ашпаса, АҚШ бір түннің ішінде елді «жойып жіберуге» дайын екенін мәлімдеді. Тілшіміздің шолуын толық мына жерден оқи аласыз.
Оқи отырыңыз:
- Такер Карлсон: «Сен кімсің, Трамп? Өзіңді Құдаймын деп ойлайсың ба?»
- Трамптың қоқан-лоққысы және жүзеге аспай тұрған бітім: АҚШ–Иран соғысы қай кезеңде?
- АҚШ пен Израиль Иранның басты мұнай аралын атқылады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық