Әкімдік Қаныш Сәтпаев атындағы мектепті «бұзу» жайындағы алматылықтардың наразылығына жауап берді
Алматыдағы жаңа мектеп ғимаратының жобасы. Фото: Алматы әкімдігі
Бұдан бұрын желіде Алматыдағы № 56 мектеп ғимаратын бұзып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Дегенмен бұл жағдайға қала әкімдігінің өз уәжі бар екен, олар таралған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мектеп ғимаратының бұзылып жатқаны туралы ақпарат бұрын желіде желдей есіп, жұртшылықты алаңдатқаны рас.
«Шынымен 56 мектеп толығымен бұзылып жатыр ма? Оны қоғамдық тыңдаусыз кім және қашан шешіп тастаған?» деген ашулы постар жазылды.
Бүгін Алматы әкімдігі әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Қ.Сәтбаев атындағы № 56 мектеп-гимназиясы ғимаратын бұзу туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.
«Мектепті сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қолданыстағы құрылыстарды бұзу қарастырылмаған. Бұл ретте ғимараттың тарихи қасбеті сақталады», деп хабарлады қаланың құрылыс басқармасы.
Әкімдіктің арпаратына сенсек, жобада өзектi бiлiм беру стандарттарына сәйкес келетiн қазiргi заманғы оқу кеңiстiктерiн құру көзделіпті.
Техникалық бағыттағы пәндерді қоса алғанда, негізгі және бейінді пәндер бойынша сабақ өткізуге арналған сыныптар, зертханалар мен кабинеттер жаңартылады екен. Химия, физика, биология кабинеттері заманауи тәжірибелік жабдықтармен жабдықталады, бұл оқушыларға практикалық дағдылар алуға және зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Жоба көпфункционалды спорт кешенінің құрылысын да қамтиды. Мектеп аумағында ашық спорт алаңдары пайда болады.
Бұдан басқа, кең демалыс аймақтары, заманауи асхана, кітапхана, оқу залдары және мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған үйірмелерге арналған орындар қарастырылған.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау 2026 жылдың сәуіріне жоспарланған.
Дегенмен әкімдік қоғаммен байланыс жұмыстарына көңіл бөліп, осындай шаруаларды уақтылы халыққа хабарлап, алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырса мұндай шу болмас еді. Осымен бірнеше рет қала әкімдігі ақпаратқа жұртшылық наразылығынан кейін ғана жауап берді. Жаңадан келген әкім осы жұмысты жандандырып, БАҚ-пен жұмысқа майталман мамандарды тартады деп сенейік.
Алматыда Конституция күні мен Білім күніне орай, «Келешек мектептері» жобасы аясында 22 500 оқушыға арналған 12 жаңа мектеп есігін ашты.
Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан №215 жаңа жалпы білім беретін мектептің оқу жылын тек қазақ тілінде бастады. Бұл мәселе де жаз бойы әлеуметтік желілерде дау туғызған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық