«Орыс сыныбы жоқ»: Атышулы №215 мектеп оқу жылын тек қазақ тілде бастады
Фото: Threads/@rakhimberlinturar
Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан №215 жаңа жалпы білім беретін мектептің оқу жылын бастағанына екі апта болды. Жаз бойы әлеуметтік желілерде дау туғызған мектеп тек қазақ тілінде ашылды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 1500 орынды осы мектеп ашылған болатын. Қазір 1522 оқушы қазақ тілінде білім алып жатыр.
Тамыз айындағы Orda.kz редакциясына берген ресми жауабында қала әкімдігі жаңа №215 мектептің оқыту тілі ата-аналардың сұранысы мен қажеттіліктерін ескере отырып анықталатынын айтқан. Яғни, мектептің оқыту тілі туралы алдын ала нақты шешім қабылданып, жоспарланған емес.
Алайда мектепке орыс сыныптарына құжат тапсыруға келген ата-аналардан құжат қабылданбаған. Тек сол оқушылардың есімін А4 қағазына тізіп жазып алған.
«Мектепте орыс тілінде оқытатын сыныптар ашылмаған. Себебі, биылғы оқу жылына қажетті кемінде 25 ата-анадан өтініш түспеген. Білім басқармасы ресми тіркелмеген тізімдер сынып ашуға негіз бола алмайтынын ескертті» деп жазды білім басқармасы.
Дегенмен, басқарма келесі оқу жылына ата-аналар тарапынан жеткілікті өтініш түссе, орыс тіліндегі сыныптарды ашу мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті.
Еске сала кетейік, Алматы қаласының Бостандық ауданында қазақ мектебі болады деп күтілген жаңа білім ордасында орыс сыныптарының ашылуы ата-аналардың ашу-ызасын туғызып, желіде қызу пікірталас тудырған еді.
Айта кетейік, осы мектептің қазақ тілінде ашылуын талап еткен мұғалім қамауға алынған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық