«Әкімді құтқару үшін»: Ақтөбеде тағы бір шендінің қолына сот залында кісен салынуы мүмкін
Фото: Gov.kz
Прокурор соттан Шалқар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Шұға Сәдуақасованы 7 жылға абақтыға қамауды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық сотында әкімдік қызметкеріне қатысты жарыссөз өтті. Прокурор мердігерді қорқытып пара алды деп айыпталған шендіні сот залынан қамауға алып, 7 жыл түрме жазасына кесу керектігін айтты.
Мемлекеттік айыпталушы Шұға Сәдуақасованы ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1,4 тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Соттан оны бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушының жазасын өтеу орнын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі деп бeлгілеуді көрсетті.
«Сотталушыға қолданылған ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық бұлтартпау шарасын күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына өзгертіп, сот залында қамауға алуды сұраймын. Шұға Сәдуақасовадан жәбірленушілердің өтемақы қорына 20 АЕК мөлшерінде, яғни, 78 640 теңге мәжбүрлеп өндіруді сұраймын. Заттай дәлелдемелерді ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 118-бабының талаптарына сай шешуді сұраймын. ҚК 48-бабына сай қылмыстық жолмен табылған Имранованың Каспи банкі есепшотындағы 5 млн теңгені оның өсімпұлдарымен бірге және Сәдуақасованың тергеу органдарына өз еркімен ұсынған 6 500 000 теңге ақшаны мемлекет меншігіне қалдыруды сұраймын. Сонымен қатар қалған 2 250 000 теңге сотталушы Сәдуақасовадан өндірілсін. Аудан әкімінің қарамағында екі қылмыстық іс болды. Пара алу бабы бойынша екі мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды. Үшінші қызметкер жауапқа тартылып жатыр. Сондықтан да Ақтөбе облысы әкімдігінің назарын аудару үшін жеке қаулы шығаруды сұраймын», — деді прокурор.
Жарыссөзде сотталушы жылап жіберді.
Алғашқы жауап беру кезінде айыпты әкімді қорғау үшін мойнына алғанын айтты.
Қорғаушы бас бостандығынан айырмау жазасын сұрады.
Айта кетейік, осыған дейін пара алды деп айыпталған шендінің әкімнің тапсырмасын орындағаны туралы айтқанын жаздық. Толығырақ осы жерден оқи аласыздар.
Айта кетейік, биыл осы баппен айыпталған Шалқар ауданы әкімдігінің екі қызметкері де абақты жазасына кесілді.
Сотталушының соңғы сөзі 8 қазан күні тыңдалады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық